АУЫЛДЫ ЖЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

326

Бүгін Жібек Жолы ауылдық округі, ауылдық клубта жиналған қауым ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында айтылған ауылды жерлерді кешенді дамыту тұжырымдамасын талқылады.

Кездесуге ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері Садуов Талғат, Байменов Ерлан,Мусаев Сейдахмет, Раматуллаев Арслан, Кипшакбаев Темирхан, Жүнісова Сабира мен Жарылқасынов Балтабай және ауыл тұрғындары қатысты.

Штаб мүшелерінің басты мақсаты – кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бастамаларын тұрғындарға жеткізу.

Спикерлер кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.

Білім және ғылым саласын, жастар саясатын дамыту жөніндегі, денсаулық сақтау, еңбек нарығын кеңейту, кәсіпкерлікті қолдау және ауылды жерлерді кешенді дамыту мен ауылшаруашылығының техникаларын лизингке алу жайлы жоспарлары мен әлеуметтік маңызға ие мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетіндігін түсіндірді.

Сондай-ақ, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға қатысты басымдықтары туралы айтып берді.

«Әділетті мемлекет – Әділетті экономика – Әділетті қоғам атты негізгі үш қағидаттан тұратын бағдарлама еліміздің алдағы жеті жылда даму бағдарын айқындайды. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры» — деген штаб мүшелері ауыл тұрғындарын алдағы сайлауға белсене атсалысып, дұрыс таңдау жасауға шақырды.