ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ ТҮЛІК НАРЫҒЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНУДА

306

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында елімізде әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді. Былтыр ғана құрылған Сауран ауданында жанар-жағармай мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының 2022 жылғы қаңтар айында қалыптасқан ахуалы және бағаны ұстап тұру бойынша жүргізіліп кешенді жұмыстар атқарылды.

Сауран ауданында мұнай өнімдерін (бензин, дизель, сұйытылған газ) тұрақтандыру бойынша, Түркістан облысының 2021 жылғы 25 қазандағы №1-92 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің өкімімен мереке және демалыс күндері жанар-жағармай бекеттеріне жанармайдың бағасын негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында жұмысшы топ құрылды. Сауран ауданы бойынша 12 жанар-жағармай бекеті және 14 сұйытылған газ сататын бекеттер орналасқан. Қазіргі таңда, ауданда 4 жанармай бекеті жұмыс істеуде. Жанар-жағармай бекеттерінде:

Ай 92 – 178 тг

Ай 95 – 203 тг

ДТ – 230 тг –ден мұнай өнімдері сатылуда.

Сұйытылған газ сататын 11 бекет жұмыс істеуде. Ауданымызда орналасқан бекеттерде 105 теңгеден саудалануда.

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің 11 қазан 2021 жылғы № 1-78 хаттамалық тапсырмасының 3 тармағына сәйкес, аудан әкімінің 02.11.2021 жылғы №36 н/қ өкімі негізінде жұмысшы топ құрылып, бір қатар азық-түлік дүкендері мен супермаркет иелеріне бағаларды және келісім-шарттарды реттеу қажеттілігі жөнінде жазбаша нұсқамалар берілді.

Сауран ауданы әкімдігінің «кәсіпкерлік және туризм» бөлімімен азық-түлік тауарлардың бағаларына тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Өсімі байқалған тауарлардың себептерін зерделеп, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент комитетіне себептерін анықтап, қажетті жағдайда шара көру жөнінде хат жолданады.

Ағымдағы жағдайға келетін болсақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының алты түрі қарақұмық, айран, сүзбе, қырыққабат, картоп, құмшекер өнімдерінің бағасы төмендеп, тұрақталды. Қалған он бір 11 тауар (нан, күнбағыс майы, жұмыртқа, сиыр еті, тауық еті, күріш, тұз, пияз, сары май, макарон өнімдері, сәбіз) бойынша соңғы үш ай көлемінде жағдай тұрақты.

Кәсіпкерлермен 12 сәуір 2004 жылғы № 544 ҚР «Сауда қызметін реттеу» Заңының 8 бап 7 тармағына сәйкес, бөлшек сауда қызметін атқарып отырған ішкі сауда субьектісі әлеуметтік азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейтіндігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сауда қызметін атқарып отырған кәсіпкерлеге 15%-дан жоғары сауда үстеме мөлшерін белгілеген жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық заңының 204-3 және 204-4 бабына сәйкес айыппұл салынатындығы жөнінде арнайы ескертпе хаттары қолма қол жеткізіліп берілуде.

Бағалар бойынша сауда орындарына рұқсат етілген шекті үстеме пайыздан асырмауды бөлімнің мамандары бақылау жүргізіп келеді. Ватсап желісі арқылы супермаркет және дүкендер мен байланыс орнатылып, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Күнделікті мониторинг жұмыстары барысына бөлшек саудада үстеме бағасы 10-15% аралығында қалыптасқаны байқалады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауданымызда жасанды азық-түлік тапшылығы байқалмайды. Мәселе күнделікті бақылауда.

Болысбек ШӘРІПБЕК,

Сауран ауданы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы.