«ТҮРКІСТАН ЖАСТАР ПРЕМИЯСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

681

Түркістан облыстық Жастар ресурстық ориалығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы «ТҮРКІСТАН ЖАСТАР ПРЕМИЯСЫ» байқауы өтетінін хабарлаймыз!

Байқаудың мақсаты — Түркістан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және кеңінен насихаттау және Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтарды, түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау.

«Түркістан жастары» премиясы төмендегі номинациялар бойынша өткізілмек

Аудан, қала жастары арасындағы аталымдар:

  1. «Үздік Жастар ресурстық орталығы КММ-і»
  2. «Үздік Жастар ресурстық орталығы КММ-нің маманы»
  3. «Үздік жас дәрігер»
  4. «Үздік жас мұғалім»
  5. «Үздік жас волонтер»
  6. «Үздік жас спортшы»
  7. «Үздік жас кәсіпкер»
  8. «Үздік жас мемлекеттік қызметкер»
  9. «Үздік жас актер»
  10. «Үздік жас көшбасшы»
  11. «Үздік жас гид»
  12. «Үздік жайдарманшы»
  13. «Үздік шығармашылық ұжым»
  14. «Бейбіт өмір батыры»

Облыстық бұқаралық ақпарат өкілдері арасындағы аталымдар:

  1. «Үздік жас фототілші»
  2. «Үздік жас тілші»

Жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасындағы аталымдар:

  1. «Үздік жас ғалым»
  2. Жоғары оқу орнының «Үздік студенті»
  3. Орта арнаулы оқу орнының «Үздік студенті»
  4. «Үздік оқушы»
  5. Үздік «Өзін-өзі басқару ұйымы»

Байқауға қатысушы ретінде өтінімдерді тұрғылықты жеріңіздегі Жастар ресурстық орталығына өткізе аласыздар. Ұйымдастырушылар байқауға қатысушылардан ұсынылған құжаттардың түпнұсқасын және қосымша құжаттар сұрату құқығы бар.

Байланыс үшін: +7 (747) 903-99-24.