«ТАҚСАЙ ХАНШАЙЫМЫ» ТҮРКІСТАНҒА ТАПСЫРЫЛДЫ

215

Түркістан қаласында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығында «Тарихы – терең Ақжайық, Тақсай ханшайымы» атты жасақталған көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Тақсай ханшайымының көшірмесін дайындатып, орталыққа өткізді.

Шара музейлер арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында өткізіліп отыр. Салтанатты жиынның ашылуна Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев, Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев арнайы қатысып сөз сөйледі.

«Бүгінгі көрменің ашылуы және музейдің жаңа экспозияциямен толығуы Түркістан облысы үшін үлкен мәртебе. Бұл – біздің өлкеге бастаған сапарларыңыздың рухани, мәнді, мағыналы екендігінің айғағы. Қос өңірдің музейлері арасындағы мұндай байланыс, елдің ертеңі, мәдениетіміздің мәйегі, «Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағы деп білемін», – деді Әзімхан Серікұлы. Сондай-ақ келген қонақтарға ізгі лебізін жолдап, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Бұл шара Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданындағы Тақсай оба-кешенінен табылған б.д.д ІҮ-ҮІ ғасырға тән ежелгі сармат кезеңіне жататын «Алтын ханшайым» еліміздегі табылған төрт алтын адамның бірін жас ұрпаққа мақтан етерліктей насихаттау, музей қоры туындыларын кеңінен насихаттау, рухани құндылықты жаңғыртып, Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс сыйлау мақсатында ұйымдастырылды.