ЫНТЫМАҒЫ МЕН БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН

267

Түркістандағы халықтар достығы мен бірлігін сақтау мақсатында Ынтымақ үйінде ҮЕҰ мен этномәдени орталықтарға берілген кабинеттердің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға шаһар басшысы Н.Тұрашбеков, Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков және ардагер-ақсақалдар, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты. Келген қонақтарға арнайы дастарханнан дәм ұсынылса, қаламыздың өнерлі жастары дәстүрлі әндер мен жыр-термелерден шашу шашты.

Салтанатты жиын барысында қонақтар этномәдени орталықтарға берілген бөлмелерді, «ядролық сынақ полигонының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің, «Чернобыль-Семей одағының» төрағаларына арналған кабинеттерді аралап, естелікке суретке түсті.

Алдағы уақытта өсіп-өркендеуімізге, әлеуметтік-экономикамыздың дамуына қаламыздағы түрлі ұлттық қоғамдық ұйымдарымыз, асқар таудай ағаларымыз-апаларымыз бір үйдің баласындай болып, ұлтқа, нәсілге бөлінбей, қаламыздың әрі қарай дамуына, өскелең жастарымызға тәлім-тәрбие беруде өздеріңізбен бірлесіп, сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді басшылыққа ала отырып, жұмыс істейміз деген ниетте жасалып жатқан дүние.

Ынтымағымыз бен бірлігіміз жасай берсін! Еліміз, халқымыз көркейе берсін! – деді Н.Әбдісаттарұлы. Іс-шара соңында қатысушылар қала әкіміне алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта Ынтымақ үйінің қолдауымен түрлі ауқымды жұмыстар атқаруға сенім білдірді.