ҚЫЗМЕТТІК ИТТІҢ КӨМЕГІМЕН ШЕКАРАДАН ЕСІРТКІ АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН ШЕТЕЛДІК ҰСТАЛДЫ

203

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түсті. Онда «Линда» атты қызметтік ит Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына өтіп бара жатқан шетелдік ер адамға белгі бергені көрсетілген.

Содан полицейлер күдік тудырған ер адамға тінту жүргізді. Нәтижесінде шетелдіктің шалбарының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды. Сараптамада қорытындысы алынған зат «гашиш» екенін растады. Тексеру кезінде ер адам Өзбекстан елінің азаматы екені анықталды.

Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.