ТҮРКІСТАН: ТЕРОРИЗММЕН КҮРЕС ЖАЙЫ ТАЛҚЫҒА САЛЫНДЫ

271

Бүгін “Ақжайық” музыка мектебінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» №305 қаулысы талаптарын, «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» қаулысын түсіндіру бойынша мемлекеттік мекеме, әуежай, теміржол вокзалы, мектеп пен балабақша өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.

Кездесуге Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, Түркістан облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Үсербай Назарбаев, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел уәкілі Исаходжа Елеусізов және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жедел уәкілі Сауранбай Сұлтанбай қатысты.

Мәжілісте террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес тиісті жұмыстарды профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру, терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеу бойынша талаптар түсіндірілді.

Сондай-ақ, осы талаптар қолданыстағы, жаңадан жобаланатын, реконструкцияланатын және техникалық жаңғыртылған жеке меншік және ведомстволық бағыныстылық нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылады.

Сонымен қатар, объектілерге қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды инженерлік-техникалық құралдармен және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырудың нормаларын, тәртібін, ТТО объектілерді күзетуді жүзеге асыратын ЖКҰ-на қойылатын міндеттер де ескертілді.