ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА САҒАТЫНА 80 000 М3/ ТАБИҒИ ГАЗ КЕЛІП ТҰР
Қыс ауасына байланысты жеке абоненттер мен мекемелердің газ тұтыну көлемі көбейгендіктен, қалада газдың қысымы төмендегені байқалды.
Қалыптасқан жағдайға байланысты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан облысы өндірістік филиалы және Түркістан қаласы әкімдігі бірлесіп, газ қысымын ұлғайту туралы келісімге келіп, нәтижесінде тұрғындардың табиғи газға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында, АГТС-15 – тен газ көлемі ұлғайтылды.
Сонымен қатар, 3 желтоқсан күні Шауғар секторы, «Ремзавод» аймағындағы 7 көшеде (200 абонент) газдың қысымы төмендеген. Көгілдір отынның қысымын тұрақтандыру мақсатында, аталған аймақта газ құбырларының құрылысын жүргізген мердігер «Отау Строй» ЖШС, «ИнтерГаз Центральная Азия» АҚ және Түркістан қаласы әкімдігінің Инфрақұрылым және коммуникация бөлімінің мамандары шұғыл зерделеп, диаметірі 110 мм. газ құбырында кептеліс пайда болғанын және газ құбырының соңғы нүктесі болуына байланысты газ қысымының төмендегенін анықтаған.
Анықталған ақауды жою үшін, «Ремзавод» мөлтек ауданындағы газ құбырын орта қысымды екінші газ құбырына қосып, біріктіру (закольцовка) туралы шешім қабылданды.
Қазіргі таңда, мердігер «Отау строй» ЖШС-гі есебінен қажетті жабдықтар алынып, тиісті жұмыстар атқарылуда.