ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» 16 КҮН АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

549

Түркістан қалалық әйелдер алқасы төрайымы ретінде алқа мүшелерімен бірге әрдайым Түркістан қаласында  өтетін конференция, дөңгелек іс-шараларға қатысып тұрамыз. Түркістан қаласынла әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлескен Халықты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 07 желтоқсанында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»  акциясы аясында Түркістан қаласындағы  №23 мектепте қалаға қарасты барлық мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен семинар өтті. Семинарға қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы, қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, білім бөлімінің басшысы, Түркістан қалалық ішкі істер полиция қызметкерлері қатысты.

Семинардың мақсаты: қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған, қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру және «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»  акциясы өз мәресіне жеткенімен, бұл тақырыптағы үгіт насихат жұмыстары ұстаздар қауымының және Түркістан қаласы белсенділерінің тарапынан өз жалғасын табатын болады.

Ұлжалғас Мұстафаева

Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы