ТҮРКІСТАНДА «ЕҢ ЕРЕКШЕ ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

205

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектеп» КММ-і базасында инклюзивті балалардың арасында «Ең ерекше жұлдыз» атты байқауы өтуде.

3 жылдық тарихы бар бұл жобаның ұйымдастырушылары мектеп жанынан ашылған «Инклюзивті қолдау кабинеті». Байқауға Түркістан қаласындағы ерекше білімді қажет ететін 7-12 жас аралығындағы балалар қатысуда.

Байқау үш кезеңнен тұрады: I кезең- Видеоролик «Мектептегі бір күнім»;

II кезең – «Мен ең мықтымын» педагог-ассистентпен немесе кабинет маманымен бірге жеке сабақ көрсету;

III кезең – «Менің жұлдызды сәтім» педагог-ассистентпен бірге немесе кабинет маманымен бірге өнер көрсету.

Айта кетейік, 2021 жылдың қараша айында «Ең ерекше жұлдыз» атты байқау ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында өткізілді. Ерекше балалардың байқауға қатысуға сұранысы артып келеді. Осыған байланысты, байқауды жыл сайын өткізу дәстүрі қолға алынуда. Сонымен қатар, 2019 жылы қыркүйек айында «Болашақ корпоративті қоры қолдауымен» Түркістан қаласында, «М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектеп»КММ-де «Инклюзивті қолдау кабинеті» ашылды. Кабинетке 5 маман, 10 бала қабылданды.

— «Қазіргі таңда аянбай жүргізілген еңбектің арқасында кабинет меңгерушісі, 5 маман, 5 педагог-ассистент және 1 әдіскер маман жұмыс жасауда. Жалпы оқушы саны — 19. Алдағы уақытта ерекше білімді қажет ететін балаларды жалпы орта мектепке білім алуға және әлуметтік ортаға бейімдеуге, ерекше балдардың қабілетін ашуға және әртүрлі байқауларды ұйымдастыруда белсенді жұмыс жасаймыз. Тіпті, жыл сайын өткізу дәстүрге айналуда»,-дейді ұйымдастырушылар.