ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

317

Бүгін қаламыздағы «Мереке» бөбекжай-балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім дағдыларын дамыта отырып, адами және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.

Педагог мамандардың тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік сыйлайтын шараға Түркістан қаласы адами әлеуетті бамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Айгерім Қуандықова, мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілері мен логопед мамандардары қатысты.

Семинардың ашылу салтанатында сөз алған Оразкүл Шайхықызы балалардың қызығушылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, адами және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленушілердің физикалық, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға көзделген семинардың педагогтарға берері зор екендігін тілге тиек етті. Одан өзге, бөлім басшысы мен балабақша педагогтары әріптестерінің жұмыстарымен танысып, ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен арнайы дайындалған концерттік бағдарламаның куәсі болды.

Семинар соңында кері байланыс орнатылып, қонақтардың пікірлері тыңдалды. Өз кезегінде Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Айгерім Қуандықова семинарды қорытындылап, озат тәжірибелерімен бөліскен балабақша педагогтарының жұмыстарына жоғары бағасын берді.