Патернализм – жаһандық проблема

183

Түркістан облысының тұрғындарының назарына қоғамдағы патерналистік көңіл-күй, тәуелділік, әлеуметтік масылдық туралы және олардың алдын алу шаралары туралы мәоіметтерді ұсынамыз.Қазақстан «Жаңа Қазақстанға» көшкелі ілгері дамуды, өркендеуді, экономиканы жақсартып, нарықты қайта құруды басты бағдарға қойып отыр. Алайда қоғамдағы патерналистік көңіл-күй, тіпті әлеуметтік тәуелділік өткенге қалып қоймады, керісінше, күшейе түсуде.

Әрине, бұл күтпеген жерден пайда болмайды. Елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы  мен халықтың нақты кірісінің төмендеуінен басқа, патерналистік көңіл-күйге саяси, әлеуметтік, мәдени факторлар да әсер етеді.

Соңғы кездері қоғамдағы патерналистік көңіл-күй, тәуелділік, әлеуметтік масылдық туралы және олардың алдын алу шараларын жоғары мінберлерде айтып, билік басындағылар бұл туралы сөз қозғап та жүр. Қазақстанда патерналистік көңіл-күй соншалықты күшті ме? Оларды мемлекеттік саясаттың әлеуметтік құрамдас бөлігін төмендетпей азайту үшін не істеу керек?

Расын айту керек, елімізде патернализм мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Қоғам алға дамып, құндылықтар өзгеріп жатса халық арасында «бізді мемлекет асырауы тиіс, үкімет қайда қарап отыр?» дейтін түсінікке сүйеніп алғандар жетерлік. Атам қазақ мұндай әдетті масылдық деп атаған. Ондайлар өзіне, мемлекетке арқа сүйегенді жөн көреді. Шын мәнінде дамуға бет бұрған қоғамда мұндай көзқарастың болуы жақсы емес. Мамандар да мемлекетте мұндай патерналистік көңіл-күй мен масылдық психологияның болуы мемлекеттің дамуын тежеп, азаматтық бастамалардың іске асуына кедергі келтіретінін айтады. Өйткені, олар мемлекет тұрғыны ретінде әрі сол елдің арақасүйер азаматы екенін сезінбейді. Сондай-ақ азамат ретінде арқасында үлкен жүк тұрғанын, елдің болашағы үшін жауапты екенін аңғармайды.

Айта кетейік,  «Патернализм» термині латынның paternus сөзінен шыққан, яғни ол «әкелік» дегенді түсіндіреді. Қарапайым тілмен түсіндірер болсақ, бұл ел азаматының өз өмірі үшін жауапкершілік алуға аса құлық танытпай, әл-ауқатының жақсы болуына деген барлық үмітін негізінен мемлекетке артып қоятын көңіл күй ұстанымын білдіреді. Яғни, масылдық сананы жоғары қойып, өзгелерден ала берсем деген ұстанымды ұстанатын қоғам мүшелерін айтуға болады.

Патернализм – жаһандық проблема. Мемлекетке «балаларына» қамқорлық жасауы тиіс «әке» ретіндегі көзқарас тек қазақстандық қоғам үшін таныс емес, бұл тіпті нарықтық экономикасы дамыған елдер де, әсіресе дағдарыстан кейінгі кезеңде кезігеді.

Бұл неліктен қауіпті? Өйткені, патерналистік көңіл-күй барлық салада тоқырауға әкеледі. Бұл жөнінде аргентиналық экономист Мариано Грондона бірнеше пікір білдіреді. Ол нәтижесінде, «патерналистік көңіл-күй қатынастарды дамуға емес, тұрақтылыққа бағытталған мәдениеттің бір бөлігі» ретінде қарастырады.

Осыдан, біз патернализм азаматтық қоғамның дамуына айтарлықтай кедергі келтіретінін түсіндік. Мемлекет «қамқор әкенің» рөлінде жүріп, масылдыққа бейім адамдар оны пайдалана берсе, алға ілгерілеу мүлде жойылады.Сондай-ақ, олар өздерінің өмірлік қолдауына қамқорлық жасауды тоқтатады. Өз ресурстарын жұмылдыруға, өмірлік басымдықтарды шешуге және жұмысқа тұруға әрекеттенбейді.