Патернализм азаматтық қоғамның дамуына айтарлықтай кедергі келтіреді

184

Түркістандық оқырмандарымыздың назарына патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылу жөніндегі мәліметтерді ұсынамыз. Әрине, қоғамда қолдауды қажет ететін мұқтаж адамдар тобы да бар. Олар шындығында, өмірдің қиын жағдайларына тап болып мүмкіндігі шектелгендер, қарттар, кедейлік шегінен төмен отбасылар. Оларға қолдау көрсету мемлекеттің басты міндеті. Бүгінде түрлі бағдарламалар әзірленіп жатыр.  Тек материалдық қолдау ғана емес, одан бөлек, қоғамға интеграциялану, оқу, өз бетімен ақша табу, қоғамдық өмірге толық қатысу мүмкіндігін арттыруда.

Мысалы, Қазақстанда мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік төлемдерден басқа жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Лайықты қарттықты қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылға дейін «Белсенді ұзақ өмір сүру» қарт азаматтардың жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Онда белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу, жасы ұлғайған азаматтармен қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтер қамтамасыз етілген. Яғни, медициналық, экономикалық, құқықтық, мәдени қызметтер тегін болуды қарастырған.

Көп балалы, мүгедек балалары бар, аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар бар. Сонымен қатар, сарапшылар атаулы әлеуметтік қолдаудың нақты халықтың мемлекет көмегіне мұқтаж санаттары үшін қажет екенін атап өтті. Сондай атаулы шаралардың бірі – атаулы әлеуметтік көмек.