АЛПЫС АПАМДЫ, ЖЕТПІС ЖЕЗДЕМДІ” ТАУЫП БЕРДІ БАЛМАРЖАН…”

684

“Адам жоғалтқан адам” Балмаржанға барса болады екен-ау… “Іздеуде” жүрген адамыңды полиция тауып бермесе де, әп-сәтте Балмаржан тауып береріне бек сеніңіз. Өзім таң қалдым. Көріпкел, тәуіп те емес. Бар жоғы “Горсобесдің” бастығы. Балмаржан Нарбековадан Қазақ радиосы үшін сұхбат алып, суретке түскенім сол екен, біраз жыл жоғалтқан жақындарымды тауып берді. Үш күннен бері телефоныма тыным жоқ. Қоңырау шалынған бейтаныс нөмірлерден телефонымның “түтіні” шығып кетті. Бәрінің де Балмаржанға айтар бір-бір бұйымтайы бар. Сондағысы не?… Әлеуметтік көмек алу, “АСП” мәселесі, мүгедектігіне сай шипажайға жолдама алу, қоғамдық жұмысқа орналасу, жастар практикасын пайдалану, мемлекеттік бағдарламамен грант ұтып алуды армандап, жәрдем сұрап жүргендер көп-ақ… “Алпыс апам, жетпіс жездемді” тауып берген Балмаржан неткен мықты еді?.. Шынында да “адам жоғалтқан адам” Балмаржанға барса болады екен-ау деген ойға қалдым. Айтпақшы, Балмаржан тауып берген “алпыс апам, жетпіс жездемдің” бәріне де ескерттім. Не деп?.. дейсіз ғой. “Балмаржан әр аптаның сәрсенбі күні кез-келген азаматты қабылдайды”-деп… Мен айтты деп сәрсенбінің сәтті күні Балмаржанға бара беріңіздер.

Ерсұлтан Әмірбек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдына жұмыссыздықты жою, халықты әлеуметтік қорғау мақсатында үлкен міндет жүктеп отыр. Бұл бағытта Шымкент қаласы әкімдігі жұмысты ширату мақсатында оңды қадамдар жасауда.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова журналист Ерсұлтан Әмірбекке арнайы сұхбат берді. Шымкент қаласында жүзеге асырылған нәтижелі жұмыстар жайлы 2022 жылдың 6 айы бойынша Балмаржан Полатқызының бкяндамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Басқарма негізінен 5 бағытта жұмыс жасайды
— Халықты жұмыспен қамту;
— Ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау;
— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету;
— Азаматтық құқықтық актілерін тіркеу;
— Көші-қон мәселесі және қандастармен жұмыс жасау.
Басқармаға қарасты 14 коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет атқарады.

1. Халықты жұмыспен қамту
2022 жылдың шілде айы бойынша Шымкент қаласындағы жұмыссыздар саны 22 546 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрайды.

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша биылғы жылы 57 696 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда. Оның 35 276 орны– тұрақты, 18 128 орны – уақытша жұмыс орындары. Бүгінге күнге 30 481 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып отыр, яғни жоспар 52,8% орындалды.

Ал, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде ағымдағы жылы 33 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, оның ішінде 20 759 орын тұрақты жұмыс 8 449 орын уақытша жұмыс орындары белгіленіп отыр.Жыл басынан бері 13 363 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып отыр.

Жалпы, Шымкент қаласы республикалық көрсеткіштер бойынша азаматтарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру бағытында алдыңғы қатарында. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адамды жолдау жоспарланса, бүгінде 123 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни, жоспар артығымен 136,7% орындалып отыр. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 227 адам жолдау жоспарланса, нақты 227 (88,2%) адам жолданды. Қоғамдық жұмыс 2188 адамға жоспарланған болса, нақты 2177 адам жұмысқа орналасты, яғни жоспар 100%-ға орындалды. Ал, «Жастар практикасы» бағдарламасына биылғы жылы 2098 жасты жолдау жоспарланып, бүгінде 1063 адам жұмысқа орналасты.

ҚР Премьер-Министрі мен Шымкент қаласы әкімінің арасындағы меморандум аясында құрылатын жұмыс орындарына 14 517 тұрақты жұмыс орын құру белгіленіп,бүгінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 12 488 тұрақты жұмыс орыны құрылды, яғни жоспар 86%-ға орындалып отыр.

Кәсіби білім беру бойынша
— 1 632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыссыздарды жұмыс орындарында оқыту;
— 1 976 адам дағдыларға онлайн-оқытуды ұйымдастыру, нақты 603 адам.

Ал, сұранысқа ие мамандықтар тізімінде құрылыс, медицина, педагогикалық мамандықтары. Осы орайда, Шымкентте 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына шілде айының соңына дейін 1632 азамат жолданады.

Биыл жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының шешімімен 1632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 29 мамандық бойынша 25 білім беру ұйымдарында қажетті мамандықтар бойынша 3 ай мерзімге оқытылатындығы бекітілді.
Оқытылатын мамандықтардың ішінде дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик,тас қалаушы, кран машинисті,визажист,шаштараз шебері, аспаз және т.б. мамандықтар бар. Қатысушыларға ай сайын 20 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Дәріс беру аптасына 6 күн, 6 сағаттан жүргізіледі. Оқу аяқталған соң арнайы кәулік беріліп, нәтижесінде азамат тұрақты жұмысқа жолданады.

Былтыр 2500-ға жуық адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бітіріп, нәтижесінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетілетін болады. Олар:
— 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту;
— 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру жоспарланған, нақты – 226 адамға берілді.
Субсидияланатын жұмыс орныдары бойынша 4 819 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетіледі, нақты – 3 541 адам. Олар:
— 90 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты – 123 адам (136,7%);
— 2 098 адам жастар практикасы, нақты – 1 063 адам (50,7%);
— 2 188 адам жоспар ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты – 2 177 адам (99,5%);
— 227 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», нақты – 170 адам (75%);
— 24 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы, нақты – 4 адам (16,7%);
— 192 адам «Күміс жас» жобасы, нақты – 4 адам.
Жұмысқа орналастыру бойынша 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған, нақты – 4 654 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (20,1%). Олар:
— 19 609 адам бос жұмыс орындары, нақты – 4 654 адам (23,7%);
— 3 630 адам жаңа жұмыс орындары жоспарлануда.
Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша 2022 жылға 24 196 жұмыс орыны (тұрақты – 14 517, уақытша – 9 679) құрылатыны жоспарлануда. Оның ішінде ұлттық жобалар бойынша 8 612 (5968 орын – уақытша, 2644 – тұрақты) жұмыс орыны, 15 584 орын жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары (жекеменшік есебінен іске қосылатын жеке меншік бала бақшалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, дәріхана, асхана және басқада қызмет көрсететін ұйымдар) (3711 орын – уақытша, 11873 – тұрақты).
2022 жылдың шілде айына 16 035 орын ашылған (66,3%) (12 488 – тұрақты жұмыс орындары, 3 547 – уақытша жұмыс орындары).
Халықты жұмыспен қамту шараларына 2022 жылға 7,2 млрд. теңге бөлінген. Ағымдағы жылдың 6 айында 1,3 млрд. теңгесі немесе 18% ғана игерілген.

«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» негізінде
Анықтама:
– мемлекеттік грантты 200 АЕК-тен 400 АЕК ұлғайту (1150 адам);
– жастар практикасын 25 АЕК тен 30 АЕК және мерзімін 6 айдан 12 айға ұзарту (2098 адам);
– «Алғашқы жұмыс орындарының айлық жалақысын 25 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін ұлғайту және мерзімін 12 айдан 18 айға ұзарту (227 адам).

2. Ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау.
Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 84 203 оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 5 , тыл еңбеккерлері – 2 487
Көп балалы аналар саны – 55 840 , оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 11 247.
Атап айтқанда, мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек көрсетілді.
Анықтама:
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/369-6с шешімі негізінде 2022 жылдың 1 маусымына:
— 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай 10 778 көпбалалы аналарға (15 315 теңгеден) әлеуметтік көмек төленді;
— 21-23 наурызда (Наурыз мейрамы) 172 қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына (15 315 теңгеден) әлеуметтік көмек төленді;
— Наурыз мерекесіне орай 776 жетім балаларға (61 260 теңгеден) әлеуметтік көмек төленді;
— Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 400 АЕК-тен 4 отбасыға (1 225 200 теңгеден) әлеуметтік көмек төленді;
— «7 мамыр – Отан қорғаушы күніне» орай: Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, Семей полигонынан зардап шеккен 2 040 азаматқа (114480 теңгеден) әлеуметтік көмек төленді;
— 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне біржолғы 360 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 1,1 млн.теңгеден 7 адамға әлеуметтік көмек төленді;
— 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай 2 538 тыл еңбеккерлерге (38 160 теңгеден) әлеуметтік көмектер төленді;
— Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 126 адамға 12 АЕК-тен (38 160 теңгеден) төленді;
— Ленинград қаласын қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған 3 азаматқа – 23 АЕК-тен (73 140 теңгеден) төленді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагердің, гетто және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 5 азаматқа – 23 АЕК-тен (73 140 теңгеден) төленді.
31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандары күніне орай 1 203 адамға 5 АЕК-тен (15 900 тенгеден) әлеуметтік көмектер төленді.
1 маусым балалар күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларына 7012 балаға5 АЕК тен (15 900 тенгеден) әлеуметтік көмектер төленді.
— 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға ай сайын 125 адамға 2 АЕК-тен (6360 теңгеден) әлеуметтік көмектер төленуде, қазіргі таңға төленген қаржы ;
— В-20 ауруы бар ай сайын 119 адамға 24 АЕК-тен (76 320 теңгеден) әлеуметтік көмектер төленуде, қазіргі таңға төленген қаржы ;
— Туберкулез ауруы бар ай сайын 275 адамға 5 АЕК-тен (15 900 теңгеден) әлеуметтік көмектер төленуде
Маслихаттың шешіміне сәйкес, зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерлер мен зейнеткерлерді жолдануда. Қазіргі таңға дейін 3 санаторлық-емдеу (Ақсу-Жабағылы, Денсаулық, Айша бейбі) курорттарымен келісім шарттар түзілді. Мамыр айының қорытындысы бойынша 488 зейнеткерге жолдама беріліп санаторлық-емдеу курорттарына жолданып және 7 141 өтініш қабылданды.
2500 ардагерге тегін басылымдарға 1-2 жартыжылдыққа («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Айқын» газеттер, «Ардақты ардагер» журналы) жазылды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. Бұл төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі:
— аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай төлем;
— жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, шағын несие және грант беруге, тұрақты жұмыс орындарына жолдама беру;
— табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама (азық-түлік жиынтығымен және тұрмыстық химия жиынтығымен қамтамасыз ету; оқу орны бойынша тегін тамақтануды, мектеп формасы мен мектеп керек-жарақтарын, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді ұсыну).
2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 988 отбасыға (59 051 адам) тағайындалды.
Ал, 2022 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 8 964 отбасыға (43 762 адам) тағайындалды.

Анықтама:
АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады.
Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2021 жылдың 2 тоқсанына орта есеппен 25 402 теңге болып белгіленді.
Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі таңға орта есеппен 16 013 пакет берілді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 20 962 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 11 404 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар.
321 адам нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан. Атап айтсақ:
– 201 тұрақты жұмыс орындарына;
– 73 қоғамдық жұмыстарға;
– 16 жастар практикасына;
– 14 әлеуметтік жұмыс орындарына;
– 17 өз кәсібін ашуға ықпал етілді.

3. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету
Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді.

Анықтама:
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 37 901 мүмкіндігі шектеулі азамат (2021 ж. – 36 537) тіркелген, оның ішінде:
— бірінші топтағы мүгедектер – 3 534 (2021 ж. – 3372);
— екінші топтағы мүгедектер – 14 863 (2021 ж. – 14 556);
— үшінші топтағы мүгедектер – 12 459 (2021 ж. – 12 191);
— 18 жасқа дейінгі 7 045 мүгедек балалар (2021 ж. – 6418) тіркелген.
Нақты айтатын болсақ төмендегі жұмыстар жүргізілді.
— протездік-ортопедиялық құралдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 5 425 құралға өтініш қабылданып, 2 267 құрал қамтылды (41,8%) (2021 жылы – 6307 өтініш қабылданып, 4382 адам қамтылды (69,5%);
— сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 11 830 құралға өтініш қабылданып, 9 989 құралдармен қамтылды (84,4%) (2021 жылы – 16 322 өтініш қабылданып, 14 846 қамтылды (91%);
— мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 968 өтініш қабылданып, 782 құрал қамтылды (80,8%) (2021 жылы – 1276 өтініш қабылданып, 1163 адам қамтылды (91,1%);
— жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 797 азамат мұқтаж болса, 2 300 азаматқа қызмет көрсетілді (82,2%) (2021 жылы – 2494 азаматқа);
— 8 916 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 1 875 азамат қамтылды (21%) (2021 жылы –5602 азаматтан өтініштер қабылданып, 4778 адамға жолдама берілді (85,3%);
— мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 18 көлікке 437 азаматтардан өтініш қабылданып, 18 387 өтінімге қызмет көрсетілді (2021 жылы – 1200 өтінім);
— Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 58 автокөлікке 886 азаматтанөтініш қабылданып, 15 428 өтінімге қызмет көрсетілуде (2021 жылы – 651 өтінім);
— Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 482 жолдама берілді (2021 жылы – 1 215 жолдама);
— Медициналық әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 2022 жылы 30 жолдама берілді.
Әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға Басқарма ғиматарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және Басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің орындалу барысы туралы
Арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті 1-2 топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайында мемлекеттік мекемелерге альтернатив ретінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Осы бағытта басқармаға қарасты 12 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтар бар. (слайд 15)
Анықтама:
1. «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;
2. «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;
3. «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;
4. «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;
5. «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;
6. «№6 балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;
7. «№7 үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;
8. «Өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-сі;
9. «Белсенді ұзақ өмір» орталығы» КММ-сі;
10. «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығы КММ-сі;
11. «Бақытты жанұя» орталығы КММ-сі;
12. «Аутизм және басқа да ментальды бұзушылықтары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;
Есепті 6 ай кезеңге 2 089 адам оңалту шараларымен қамтылды (2021 жылы – 2 094 адам). Оның ішінде: стационар жағдайда – 656 азамат, жартылай стационар жағдайда – 243 азамат, үйде қызмет көрсету жағдайда – 753 азамат, үкіметтік емес ұйымдар арқылы – 437 азамат. Жалпы бюджет есебінен 4,0 млрд. теңге қаралып, қаржының 44,9%-ы игерілді.
Сонымен қатар, психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек адамдарға қосымша №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жанынан 50 орындық ғимарат салуға ұсыныс беріліп,жобалық сметалық құжаттама жүргізілуде құрылыс тарапынан 2022 жылға тиісті жұмыстар атқарылуда.
«№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі 2022 жылы маусым айында мемлекеттік сатып алу вэб портал арқылы 7,1 миллион теңгеге JAC S5 маркалы жеңіл автокөлік алынды.
«№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ, 2, 3, 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ, «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-і арнайы жеңіл автомобиль әр данасы 7,1 млн.теңге, барлығы 6 дана 42,2 млн.теңге, аталған жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізілуде.
«№ 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ, №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ, микроавтобус (газель) әр данасы 18,7 миллион барлығы екі дана 42,7 млн.теңге, аталған жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізілуде.
«Белсенді ұзақ өмір орталығы» микроавтобус бір дана 12,9 млн. теңге, аталған жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізілуде.
Анықтама:
Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы тарапынан жүргізілген талдау нәтижесі бойынша соңғы жылдары жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына бағынысты мекемелердің штаттық құрылымын, нормативтен артық және нақты контингентке сәйкес емес ұлғайту фактілері орын алуда. Атап айтқанда, 13 орталық бойынша 2021 жылмен салыстырғанда 96 штаттық бірлікке артып, оның ішінде 51 штаттық бірлік нормативтен артық бекітілгені анықталған болатын.
Алайда «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы«Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» атты жол картасының 28, 32, 133 тармақтары негізге алына отырып, орталықтар кезең-кезеңімен ашылуда. («Белсенді ұзақ өмір», «Тең қоғам» және «Бақытты жанұя» орталықтары). Аталған орталықтар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» №1042 бұйрығы бойынша жасақталуда.

4. Азаматтық хал актілерін тіркеу
Басқармада азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша 2022 жылдың шілде айына жалпы 18 068 (2021 ж. – 11 412) хаттар қаралып, 30 839 азаматтық хал актілері тіркелді (2021 ж. – 25 790). (слайд 16)
Анықтама:
— Бала тууды мемлекеттік тіркеу бойынша – 15 988 акт (2021 ж. – 14 644);
— Неке қию (ерлі-зайыпты) мемлекеттік тіркеу бойынша – 3 515 акт (2021 ж. – 3416);
— Неке бұзу (ерлі-зайыпты) мемлекеттік тіркеу бойынша – 354 акт (2021 ж. – 319);
— Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу бойынша – 2 737акт (2021 ж. – 2 383).

5. Көші-қон мәселесі және қандастармен жұмыс жасау
Қандас мәртебесі бойынша
2022 жылғы шілдесіндегі жағдай бойынша Шымкент қаласында 431 отбасынан 597 адам «кандас» мәртебесін алды, ал 6 айға кандас мәртебесін ұзартқандар саны 78 отбасынан 90 адамды құрады (барлығы – 687 адам). (слайд 17)
Қандас мәртебесін алған 597 адамның ішінде – 293 ер адам және 304 әйел адам, 18 жасқа дейінгі тұлғалар – 153 адам, еңбекке қабілетті жастағы адамдар – 164 адам, зейнеткерлік жастағы адамдар – 280 адам, жоғары білімді – 68 адам, орта арнайы білімді – 196 адам, жалпы орта білімді – 248 адам, білімі жоқ – 85 адам.
Қоныс аударған қандастар ТМД және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келгендердің үлесінде. Өзбекстаннан келген – 574 адам, Ираннан – 2 адам, Ауғаныстаннан – 20 адам, Монголиядан – 1 адам.
Шымкентте 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» (бұдан әрі – Орталық) жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және кіріктіру бойынша қызметтер көрсету болып табылады.
Бүгінгі таңда бейімдеу қызметін 13 отбасынан 20 адам алуда.