“ШЫМКЕНТТІҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА ОҢДЫ БЕТБҰРЫСТАР БАР..”

723

Үшінші мегаполис Шымкент қаласының білім саласы Республикада көш бастап тұр. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева журналист Ерсұлтан Әмірбекке берген сұхбатында ашық айтты. Басқарма басшысы Жанат Арысбекқызы 2022 жылдың алғашқы жарты жылдықта атқарылған жұмыстар туралы толымды ақпараттарды оқырман назарына ұсвнамыз.

Шымкент қаласында жалпы 841 білім беру ұйымдарында 380 327 тәрбиеленушілер білім алуда.
➢ мектептер – 203, оқушы саны – 242 525 (мемл.мектеп – 152 оқушы – 217 271, жекем. – 51, оқушы – 25 254);
➢ балабақшалар – 577, бала саны – 78 356 (мем. – 72, бала – 17 723, жекем. – 505, бала – 45 743);
➢ колледждер– 37, студенттер саны – 36 006 (мем. – 11, студент – 14 130, жекем. – 25, студент – 20 831);
➢ қосымша білім беру мекемелері – 11, бала саны – 22 515;
➢ арнайы мекемелер (ПМПК – 1, ППТК – 3, Оңалту орт., б/үйі) – 13, бала саны –925.

Мемлекеттік бағдарламалар:
Білім саласында жалпы 3 мемлекеттік бағдарламада 13 көрсеткіш белгіленген.
Атап айтқанда:

1. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары;
2. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы;
3. ҚР Премьер-Министрі мен Шымкент қаласының әкімі арасындағы меморандумы.

2022 жылға белгіленген көрсеткіштер бойынша арнайы жұмыс жоспары түзіліп, жүзеге асырылуда.
6 айдың қорытындысы бойынша 13 көрсеткіштің 6-ы орындалды. Қалған көрсеткіштер жыл қорытындысымен толығымен орындалатын болады.

Қаржыландыру:
Білім саласына жалпы қаралған қаржы — 168 млрд. 371 млн.тг. игерілгенң 95 677,5 млн.тг (56%).

Бюджет түрі
2021 жыл
(млн. тг.)
2022 жыл
(млн. тг.)
1
Республикалық бюджет
44 417,9
59 363,3
2
Жергілікті бюджет
90 760,4
109 008,2
Барлығы
135 178 300,0
168 371,5

Қала әкімінің хаттамасымен берілген тапсырмалардың орындалу барысы:
Жалпы хаттамалық тапсырма саны – 85.
Орындалған – 47. Қалғандары мерзімдеріне сәйкес орындалу үстінде.
​Шымкент қаласы білім басқармасы қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында «Білім» басқармасына келіп түскен ақпараттар легі.
Сыни
Жағымды
Бейтарап
61
377
124
Шымкент қаласы білім басқармасы 2022 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейінгі әлеуметтік желі, БАҚ-ы тарапынан жарияланған сыни ақпараттар бойынша мейлінше жауаптар беріліп , жұмыстар жүруде. Бұл сатыда негізсіз жария етілген немесе шындыққа жанаспайтын сыни жазбаларға жауаптар беріліп келеді. Бүгінде басқарма тарапынан «МЕДИА» жоспар дайындалып, сыни ақпарттардың алдын алу бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде.

Мектепке дейінгі білім беру саласы
2021 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жоспары 86,2% белгіленген. 2021 жылы 22 балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жоспары толығымен орындалған.
Ал, 2022 жылға 2-6 жас аралығында қамту жоспары — 76,2%, 3-6 жас – 100% орындау жоспарланған.
Аталған бағытта балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үшін жан басына шаққандығы қаржыландыру нормативіне сәйкес 2022 жылға әр балаға 41 197 теңге болып белгіленіп, 35 млрд. 665 млн. тг. қаржы қаралды (РБ-8 615,0 млн.тг., ЖБ-27 049,7 млн.тг.) (2021 жылы әр балаға 37 527 теңгеден белгіленіп, жалпы 29 млрд. 946 млн.тг. қаржы қаралған)
Бүгінгі таңда қаладағы 577 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кезекте тұрған 88 429 баланың – 88,6%-ы (78 356 бала) қамтылған. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы 53 558 бала – 100%, 2-6 жас аралығындағы 76 416 баланың 89,3% (68 254 бала) қамтылған.
2022 жылы 3 457 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді.
2 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу үшін 697,2 млн.тг. қаржы қаралды.
28 балабақша ашу (2 480 орынға) жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, мемлекеттік балабақшаларға толығымен бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Өзекті мәселе:
— Педагогтердің бейіндік білімі жоғы — 31,7%.
— Тәрбиешілердің жалақысының төмендігі.
— Мемлекеттік аттестаттау тапсырған 99 МДҰ-ның 42-сі аттестаттаудан өтпеген.
— Жекеменшік балабақшалардың сапасының төмендігі (тексеруге шектеу қойылған).

Мемлекеттік аттестаттаудан жалпы 99 мектепке дейінгі ұйымдарды өткізу жоспарланған. Бүгінгі таңға 57 (3 — мемлекеттік, 54 — жекеменшік) мектепке дейінгі ұйымның 7-і мемлекеттік аттестаттаудан өтті. Қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтті 11 МДҰ өтті.

ҚР БҒМ №122 бұйрығына сәйкес жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізу және консультативтік көмек көрсету.

Жергілікті ЖОО мамандықтар даярлауға меморандум түзілді.

Балабақшалардағы жан басына қаржыландыру табелі ата-аналардың қол таңбасымен растайтын автоматтандырылған жүйені іске қосу шараларын қолға алу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес, білім басқармаларының өкілдері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне жылына бір рет мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді.

Орта білім беру саласында:
Балаларды қосымша біліммен қамту
Жоспар – 77,1%,
Нақты – 76,0%,
PISA халықаралық зерттеулерде тестінің нәтижелері бойынша оқушылар мектептегі білім беру сапасын бағалау:
Жоспар: математика – 412, жаратылыстану-376, оқу сауаттылығы бойынша – 383.
Нақты – жыл қорытындысымен есептелінетін болады.
Даму мүмкіншілігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамту:
Жоспар – 50%,
Нақты – 48%,
Халықтың орта білім саласына қанағаттану деңгейі – 64,6%
(жыл қорытындысымен қр бғм тарапынан сауалнама жүргізілетін болады)

2022 жылы6 айда атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ:
2021 жылы 25 мектеп жаңадан ашылып, мектеп саны 203 болып, онда 242 525 оқушы білім алуда. Оның 152-і (217 271 бала) мемлекеттік, 51-і (25 254 бала) жекеменшік мектеп.
1-сыныпқа қабылдау:
2021 жылы 1-сыныпқа 26 569 бала (қазақ тілінде – 18 755, орыс тілінде – 4 125, өзбек тілінде – 2 125) қабылданды. Оның ішінде, мелекеттікке 22 484, жекеменшікке 4 085 бала қабылданған (2020-2021 оқу жылы – 24 490 бала).
2022 жылы 1-сыныпқа 27 000 оқушы қабылдау жоспарланса, бүгінгі күнмен қабылданған оқушы саны – __ яғни _% құрап отыр.
Қосымша біліммен қамту бағытында:
2022 жылы оқушыларды қосымша біліммен қамту жоспары — 77,1%, жоспарланған.
Қалада 11 қосымша білім беру ұйымдары және 17 аула клубтары (5-і 2021 жылы ашылған) және мектепішілік түрлі үйірмелерде қала оқушылардың 76% (179 343 оқушы) қосымша біліммен қамтылған.
Оның ішінде жан басына қаржыландыру есебінен 32 000 бала қамтылуда:
— спорт басқармасы — 14 000 бала,
— мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы – 18 000 бала.
Ал, білім басқармасы тарапынан балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының қаржы көлемі белгіленіп, қосымша 3 000 баланы қамту ағымдағы жылғы қараша айына жоспарланып отыр (86,1 млн.тг.).
Сонымен қатар, бүгінгі таңда қаламызда балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 2 қосымша білім беру ұйымдары салынуда. Атап айтсақ, пайдалануға беру мерзімдері бойынша:
-2022 жылы 150 орындық 1 өнер мектебі (5 000 баланы қамтитын);
-2023 жылы 500 орындық 1 оқушылар сарайы (12 000 баланы қамтитын);

PISA халықаралық зерттеу:
Бүгінгі таңда, PISA-2022 негізгі кезеңін өткізуге байланысты жалпы 25 білім беру ұйымы, о.і. — 21 мектеп, 4 колледжінен ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында 968 оқушы қатысады.
Дайындық барысында:
— ӘО жанынан «Халықаралық зерттеулер, білім сапасын мониторингілеу» бөлімі ашылды.
— Қадамдық іс-шара жоспары басқарма, әдіст.орт., білім беру ұйымдарының міндеттеріне байланысты жеке дайындалды.
— ПШО Халықаралық зерттеу курсынан өткен 379 педагог арасынан 75 үздік педагог, 35 педагог-тренерден 25-і іріктеліп алынып, әр білім беру ұйымына 3 педагог, 1 тренерден бекітілді.
— Оқушы, ата-ана, мұғалімдер үшін психологиялық қолдау жүргізілді.
— Оқушылар, білім ұйымдарынан сауалнамалар алынды.
— БҒМ, НЗМ сайттары, ЖШС «BilimCenter», «AmanSultan» платформаларымен жұмыс жасау үлгісі берілді.
— Арнайы сабақ кестелері, каникул кезеңдерінің сабақ кестесі құрылды.
— 11.04.2022 ж.күні барлық қатысушы 5 мектептің 8-і зерттеуден өтті.
Ыстық тамақпен қамту:
Қазіргі таңда, мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін толық жағдай жасалған. Қаралған қаржы – 10 703,4 млн.тг.
Оның ішінде, 2022 жылдан бастап 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған (5 971,8 млн.тг.).
Қаладағы 54 мектеп ыстық тамақ қаржысын төлеу барысында қолма-қол ақшасыз карточкалық жүйеге өткізілді.
Әлеуметтік көмек, жазғы демалыс:
Қаладағы аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 7 200 балаға жазғы демалыс лагерге 300,0 млн.тг. және 56 154 балаға бір реттік көмекке 1 965,3 млн.тг. қаржы қаралды.
Балалар жылы:
Шымкент қаласында балалар жылына байланысты түрлі іс-шаралар өткізуге 44,6 млрд.тг. қаржы бағытталып отыр.
Одан бөлек, дарынды балаларды қолдау бағытында түрлі іс-шаралар өткізілуде.
Инклюзивті білім беру:
Қаладағы инклюзивті білім беру бағытында жұмыс жасайтын жалпы мекемелер саны – 26. Оның ішінде 2021 жылы 4 ПМПК және 2 ППТК, 7 логопед кабинеттері ашылған.
Сонымен қатар, басқармаға қарасты Әдістемелік орталықтан «Инклюзивті білім беру» бөлімі ашылды.
Арнайы мектеп-интернаттарға 100%-ға пандустар, ішкі есіктер мен әжетханалар бейімдеуден өткізілген.
Көру қабілеті бұзылғандар үшін «Брайл» және ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін арнайы оқулықтар алынды.
2021 жылы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамту үлесі 50% қамтыды.
Жоспарланған жұмыстар:
2022 жылға қамту жоспары 50%, 2023 жылы — 65% артатын болады.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін 1 ПМПК, 1 ППТК ашу үшін тиісті құжаттамалары ресімделуде.
Сонымен қатар, 122 логопункт кабинеттері, қосымша 46 логопед штат бірліктері, 126 мектеп жанынан медиация кабинеті ашылады.
Қаладағы жалпы 5 арнайы мектеп-интернеттың 3 ғимаратқа ағымдағы жөндеуден (11 079,0 мың тг.), 1 ғимаратқа күрделі жөндеуден (63 009,0 мың тг.), 1 ғимаратқа ЖСҚ (8 257,0 мың тг.) дайындалып, 12 250, мың тг. қаржыға материалдық-базасын нығайтылатын болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру.
Шымкент қаласында 37 колледжде 36 006 студент білім алуда. Оның 14 130-і мемлекеттік, 20 831 жекеменшік колледждерде оқиды. Мемлекеттік тапсырыспен білім алушылар саны – 12 800. Оның 11 181-і мемлекеттік, 1505-і жекеменшік колледждерде білім алуда.
Шымкент қаласының ТжКБ саласының кадрлық әлеуеті 3 111 педагогты құрайды (мемлекеттік колледждерде – 1 981, жеке меншік колледждерде – 1 130).
«Шымкент қаласында «Жас маман» жобасы аясында 7 мемлекеттік колледжді заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықталды. Оның 5-і 2021 жылы жабдықталған (2-і 2020 ж.). Нәтижесінде, 7 колледжде 8 мамандық бойынша 18 құзыреттілік орталығы ашылды.
2024,2025 жылдары 2 колледждің базасында ұйымдастырылған құзыреттілік орталықтарды халықаралық салалық аккредиттеуден өткізу жоспарлануда.
Шымкент қаласы бойынша кадрларды даярлау өнірдегі кәсіпорындардың өтінімдерінің негізінде айқындалады. Негізгі қажеттілік өндіріс саласы, қызмет көрсету, білім беру саласы, медицина саласы және қызмет көрсету саласы басым.
Білім беру мекемелері өңірдегі кәсіпкерлермен тығыз байланыста жұмыс атқаруда. Атап айтқанда әлеуметтік серіктестік келісім-шарттары, меморандумдар жасалған және дуалдық оқыту жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі таңда дуальді оқыту форматын жүзеге асырылатын мемлекеттік колледждер саны-8. Қамтылған студенттер саны – 2260-ды құрайды (11,3%).
100 кәсіпорынмен 1 201 шарт пен келісім жасалды, оның шеңберінде түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдамадан өтеді. Колледждің негізгі серіктестері «Авто-Маркет» ЖШС, «Дара Сервис» ЖШС, «Агро Спец монтаж» ЖШС, «Базис-К» ЖШС, «Промгражданстрой» ЖШС, «Связьмонтажстрой» ЖШС, «Transtelecom» ЖШС, «Қазпошта» ЖШС, «Қазақтелеком» ЖШС, «Энергопоток» ЖШС, «Civil Industrial Project Group» ЖШС, «ditel
Шымкент қаласындағы 11 мемлекеттік колледждің 8-і техникалық және технологиялық бағытта кадрлар даярлаумен айналысады.
2021 жылы ТжКББ ұйымдарының оқу процесіне «WorldSkills» бағалау жүйесін 2 колледж (25%) енгізді.
2022 жылы жүйе 4 колледжде (50%) ендірілетін болады.
Колледждерде кадрлар даярлау өңір экономикасының маңызды салалары бойынша: құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика, қызмет көрсету саласы, байланыс және ақпараттандыру, экономика, білім беру, өнер саласы денсаулық сақтау үшін 75 мамандық және 166 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
2022-2023 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша 5 704 (2021 ж. — 4531 орын) орын бөлінді (2021-2022 о.ж. салыстырғанда 1173 орынға артып отыр).
2022-2023 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде 11 704 орын (ЖБ – 5 704 орын, РБ – 6 000 орын) бөлініп отыр.
Бөлінген мем. тапсырыстың 87% техникалық, технологиялық және қызмет көрсету салаларының үлесінде болады.
Оның ішінде, бөлінген мем. тапсырыс шеңберінде 8 193 орынға (70%) 9-сынып бітірушілері қажетті мамандықтар бойынша тегін оқумен қамтылады.
Биылғы жылғы жасалған өзгерістерге байланысты колледждерде 1200 орынға кәсіпорындардың тікелей қажеттілігіне орай нысаналы гранттар бөлінеді.
Аталған бастама осы нысаналы грант бойынша қабылданатын студенттердің ақы төленетін практикадан өтуге және бітірген соң кепілді түрде жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін болды.
Жалпы алғанда, Шымкент қаласында негізгі көрсеткіштер (колледждер саны, студенттер саны, мем.тапсырыс б-ша білім алатын студенттер саны, мем.тапсырыс б/ша қабылдау) бойынша тұрақты өсім байқалалды.
Мемлекеттік тапсырыстың көлемі соңғы 3 жылда 14%-ға өсіп отыр.
Мемлекеттік колледждердегі студенттердің 79%, жекеменшік колледждер студенттерінің 7,7% мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алады.
Мемлекеттік колледждерде техникалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттердің 88% мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алады.
Мемлекеттік колледждерде ақылы негізде білім алатын студенттердің:
56% медициналық мамандықтарға
6,3% өнер мамандықтарына
37,7% техникалық мамандықтарға тиесілі.
Шымкент қаласындағы 30 колледж жанынан Индустриялдық кеңестер құрылды.
Индустриалдық кеңестерде:
— 108 әлеуметтік серіктестер тіркелген;
— 72 мәжіліс өткізілді;
— 142 білім беру бағдарламалары сараптамадан өтті.
Сонымен қатар, 2021 жылы 3 жақты келісім-шарт негізінде 8 кәсіпорын 7 мемлекеттік колледжі қамқорлыққа алды.
Бүгінгі таңда, қамқорлыққа алған кәсіпорындар саны 7-ге, колледждер саны 3-ке артып, барлығы 15 кәсіпорын 11 колледжі қамқорлығына алып отыр.
2022-2023 оқу жылында 8468 бітіруші колледжі аяқтаса, оның 7197-і (85%) жұмысқа орналасады деп күтілуде. Жүргізілген зерделеу жұмыстарына сәйкес, ЖОО – 501 (5,9%), Әскерге кететіні – 162 (1,9%) анықталып отыр.
Алдағы уақытта, «Жас маман» жобасына енген 7 колледждің ұйымдастыру-құқықтық формасын шаруашылық жүргізу құқығына өткізу жоспарлануда.
Аталған жұмыстармен қатар колледждердің жұмыстарын коммерцияландыруды жүргізіледі. «Жас маман» жобасы шеңберінде құрылған құзыреттілік орталықтар арқылы студенттер кәсіби практика кезінде өнім шығарып, оны сатып, пайда табуды үйренетін болады.
Жыл сайын жұмыспен қамту басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды даярлауды ұйымдастыру барысында NEET санатындағы жастар, аз қамтылған көп балалы отбасылардың мүшелері, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды басым тәртіппен оқуға тарту шаралары қарастырылады.
Алдағы уақытта 2022 жылға бөлінген 1632 орынға нысаналы топқа жататын азамттарды тарту мақсатында тиісті жұмыстар жүзеге асырылып, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдары және мамандықтар тізбесіне іріктеу жұмыстары жүргізіліп, өңірлік комиссияда бекітіледі.
Құрылыс басқармасының қажетті мамандықтарға сұранысын (591 орынға) ескере келе, бөлініп отырған 1632 орынның 850-ін құрылыс саласы мамандарына бөлу жоспарлануда.

Инфрақұрылым және материалдық-техникалық базаны дамыту.

Құрылыс:
Қалада сапалы білім беру үшін жағдай жасау мақсатында 5 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 86 079 орынға арналған 101 мектеп салу жоспарланған (2021ж-25, 2022ж-16, 2023ж-17, 2024ж-24, 2025ж-19).
2021 жылы 11 764 орынға арналған 25 мектеп (4 мемл., 21 жекем.) пайдалануға тапсырылды.
Нәтижесінде, жаңа оқу жылында апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді.
Бүгінгі таңда жалпы 34 мектептің құрылыс жүргізілуде (8-і мемл.). Оның ішінде, 10 нысанның құрылысы 2021 жылдан өтпелі, ал 24 нысанның құрылысы жаңадан басталған.
Жыл соңына дейін 11 703 орынға арналған 24 мектеп (4 мемл.(№38, 46, 47, 80), 20 жекем.) пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейтін болады.
Жалпы үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын (дефицит) 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.
Күрделі жөндеу:
Жалпы қажеттілік 23 мекеме (2022ж.-5, 2023ж.-9, 2024ж.-5, 2025ж.-4).
2021 жылы 4 мекемеге (1 мектеп, 2 балабақша, 1 колледж) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2022 жылы 5 білім беру ұйымына (3 мектеп (№11, 50, 107 жом), 1 балалар үйі (№3 БҮ), 1 арнайы мектеп-интернат (Қосалқы мектеп-интернат)) күрделі жөндеу жүргізуге 2 372,8 млн.тг. қаржы қаралды. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 4 мекеменің ЖСҚ-сы дайындалып қойған (1 мектеп, 2 ББ, 1 колледж).
Одан бөлек, 20 мекемеге (12 мектеп (№№7, 10, 13, 26, 41, 46, 75, 80, 93, 99, 108, 109), 3 арнайы мектеп-интернат (№1 Есту қабілеті бұзылған, Сайрам көмекші мектеп-интернаттары, ЦАН), 1 колледж (М.Өтебаев ат. Және Ә.Қастеев ат.), 3 балабақша (№№43, 71, 98)) ЖСҚ дайындалуда.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары:
2021 жылы 175 мекеме ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын (ақтау, сырлау) жүргізу үшін 330 млн. 600 мың теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2022 жылға 323 мекеме ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын (ақтау, сырлау) жүргізу үшін 324,2 млн.теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда мердігерлері анықталып, 75 мекемеде (32,3%) жөндеу жұмыстары басталды.
Жылыту маусымына бойынша:
2021 жылға жылыту маусымында жылу жүйелерін қысымжауға тиісті қаржылар қарастыруға сұраныстиар беріліп, 74 млн. 300 мың теңге қаржы қаралып, қысымдау, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу беру жұмыстары толық жүргізілді.
Қаладағы 252 мекеменің жылуды пайдалану түрі бойынша «Қуатжылуорталығы-3» арқылы – 122 мекеме, жеке қазандықтан — 130 мекеме жылытылады.
Жылыту жүйесі қатты отынмен жұмыс істейтін 17 мекемеге 4 673 тонна қатты отын сатып алуға 61 млн. 513 мың тг. және сұйық отынмен жұмыс істейтін 4 мекемеге 531 тонна сұйық отын сатып алуға 111 млн. 333 мың тг. бөлініп, жеткізу жұмыстары толығымен атқарылды.
2022-2023 жылға жылыту маусымында жалпы 236,3 млн.тг. қаржы қаралып, оның ішінде жылу жүйелерін қысымдауға 83,2 млн.тг. қаржы қаралып, бүгінгі таңда мердігер анықталып, 25%-да қысымдау жұмыстары аяқталған (252 мекеменің 35-і). Қысымдау жұмыстары 15.08.2022 жылы толығымен аяқталады.
Қазандықтардың 252 мекеменің жылуды пайдалану түрі бойынша «Қуатжылуорталығы-3» МКК-нан – 122 мекеме, жеке қазандықтан — 130 мекеме жылытылады (қатты отын – 14, сұйық отын – 4, газбен – 112 мекеме). Қатты және сұйық отынмен қамтуға қаралған қаржы – 153,1 млн.тг. Оның ішінде қатты отынмен жұмыс істейтін 14 мекемеге 4 543 тонна қатты отын сатып алуға 61,3 млн.тг. және сұйық отынмен жұмыс істейтін 4 мекемеге 544 тонна сұйық отын сатып алуға 91,8 млн.тг. бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Жеткізу жұмыстары 25.08.2022 жылы аяқталатын болады (Жылыту жүйесі қатты отынмен жұмыс істейтін мекеме саны –14 (№60, 61, 67, 73, 83, 91, 106, 111, 113, 117, 118, 122, 124, 125 жом), сұйық отынмен жұмыс істейтін мекеме саны – 4 (№49,95,139 жом, №10 б/б)).
Спорт алаңшы:
Қаладағы 148 орта білім беретін мектептерде 139 спорт зал және 191 спорт алаңшалары (футбол, баскетбол, волейбол) мен 3 ату тирімен қаматамасыз етілген.
Оның ішінде, 89 мектепте типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылған.
2021 жылы 28 мектептің ауласына типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылды.
2022 жылы 6 мектепке (№33, 53, 94, 135, 136 жом, БИЛ-1) спорт алаңша орнатуға 249,1 млн.тг. қаржы қаралды. Бүгінгі таңда орнату жұмыстары жүргізілуде. (2023 ж. -2 мектеп (№101, 139 жом)).

Жаңа модификацияланған кабинетпен қамту:
2021 жылы мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 263 кабинет, 178 интерактивті тақта (50-физика, 95-химия, 82-биология, 13-STEM, 23-робототехника кабинеттерін) алынды. Нәтижесінде, мектептерле жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі 32,2%-дан 68%-ға артып отыр.
2022 жылға мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2 556,9 млн.тг. қаржы қаралып, жалпы 372 кабинет (12-химия, 26-физика, 10-биология, 10-STEM, 49-АӘД, 121-медиация, 122-логопед, 22-робототехника) кабинеттерін және 610 дана жабдықталған интерактивті панельдер орнату.
Нәтижесінде, мектептерле жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі 68%-дан 72,0% артатын болады.
Оқулықтармен қамту:
2021-2022 оқу жылына 1 160 456,0 мың теңге қаржыға 1, 4, 9, 11 сыныптарға оқулықтар, 26 112 дана 107 түрлі көркем әдебиеттер сатып алынды.
2022-2023 оқу жылына «Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша көркем әдебиеттерді» сатып алу және оны тасымалдауға жергілікті бюджеттен –1 658,6 млн.тг. қаржы бөлініп отыр.
Бейнебақылау жүйесі:
Білім беру ұйымдарына арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері 100% орнатылды (2021 жылы бейнебақылау жүйесін орнатуға 545,9 млн.тг. (2 385 нүктеге)). Жаңа-2840, ескісі-2 140.

Турникетпен қамту:
Білім беру ұйымдары ғимараттарының кіреберістері 100% турникетпен қамтылған (2021 жылы турникет орнатуға 359,4 млн. тг.).

Дабыл батырмасы:
Мектептерде 100% дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған (2021 жылы 102,8 млн.тг.).
Сонымен қатар, І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен 100% келісім-шарт түзілген.

Компьютермен қамту:
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының мектептеріндегі жалпы компьютерлік құрылғылар саны – 56 746 дана (компьютер – 24 029, ноутбук – 28 516, планшет – 4 201).
Шымкент қаласында білім алушыларға онлайн форматында қалыпты жағдайда білім беру мақсатында 2020 жылдың өзінде 47 330 компьютерлік құрылғылар сатып алынған (компьютер – 18 413, ноутбук – 24 716, планшет – 4 201).
2021 жылы қосымша 190 дана компьютер сатып алынды (қаралған қаржы — 39,0 млн. теңге).
Бүгінгі таңда қала бойынша мектептерде орта есеппен 1 компьютерге келетін оқушы саны 4-ті құрайды (бұған дейін 27 оқушыға 1 компьютерден келетін болатын)-дейді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева.
“ARA-ақпарат”

Баяндама аяқталды, назарларыңызға рақмет!