Жанар Сапар: “СЕМИНАР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ…”

360

«Этносаралық қатынастардағы шиеленісті реттеу» тақырыбындағы семинар тренингі Түркістан қаласында 20-21-22 желтоқсан күндері жоғары деңгейде өтті.
45 ке жуық Түркістан облысы аудандарынан жиналған семинар тыңдаушыларына этностар арасындағы дау дамайды реттеу және шешу жолдарын семинарды жүргізуші лекторлар жете түсіндіре білді.
Үш күндік семинарды жүргізген кәсіби медиатор және психолог Саламат және Мұқтар ағайлардың(тектерін жазып алмаппын)өз мамандықтарының майталмандары екеніне бір дәлел,семинардың қалай тез аяқталғанына қынжылыс білдергендердің сөзі дәлел болды.
Өзге этнос өкілдері арасындағы бірлік пен татулықты қалай сақтау,жанжал кезіндегі медиация мен келісімнің қалай жүзеге асуын видео роликтермен тәспірлеп түсінтіруінің өзі семинар тыңдаушыларына біраз азық болғаны анық.
Семинарды ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз екенін жеткізгім келеді.