“ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 10 МЛРД ДОЛЛАРҒА АРТПАҚ…”

390

Өзбекстан Республикасында екі ел арасындағы бизнес әріптестікті одан әрі дамытып, сауда-саттық көлемін ұлғайту мақсатында іскерлік-ынтымақтастық форумы өтуде.

Форум аясында екі жақты B2B(бизнес пен бизнес арасындағы іскерлік байланыс), B2G(бизнес пен мемлекет арасындағы іскерлік байланыс) кездесулер болып, бизнестегі тәжірибелер мен тәуекелдер жөнінде талқылауларға ұласты. Қазақстан және Өзбекістан елдерінің B2B кездесу барысында 50 қа жуық Өзбекістан компаниялары қатысып, Шымкент қаласындағы индустриалды аймақтарға қызушылық танытты.

Форумда сөз алған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, екі ел басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда саттық көлемін 10 млрд. долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Биылғы жылы, Шымкент пен Өзбекстан арасындағы сыртқа сауда саттық, экономикалық әріптестік аясындағы айналым көлемі 302 млн. долларды құрады. Бұл көрсеткіш соңғы 5 жылмен салыстырғанда 2 есеге артқан. Өздеріңізге белгілі, Шымкент қаласы Республика бойынша аумағы жағынан ең үлкен қала, және де Республиканың оңтүстік қақпасы рөлін атқарады. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы аумағында ірілі ұсақты мұнай, седициналық препараттар, пластик материалдар шығару бағытындағы 700-ге жуық өндірістік кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның 130-ы Өзбекстандық инвесторлармен әріптестік аясында іске асырылып келеді. Соңғы екі жыл ішінде екі ел іскерлік әріптестігі арқасында фармацевтика және жеңілөнеркәсіп саласындағы жалпы инвестициялық құны 14 млн. долларды құрайтын 4 ірі жоба жүзеге асты. Бүгінгі форум аясында “Orient Ceramic”, “Dentafill Plus”, “Alliance Textile” компанияларымен инвестициялық құны 192 млн.долларды құрайтын құрылыс, фармацевтика және жеңілөнеркәсіп бағытындағы ірі 3 жобаға келісім шарт түзіледі деп жоспарлануда,-деді.

-Алдағы уақытта, екі ел арасындағы іскерлік-ынтымақтасытқ, инвестициялық әріптестік жобалары көбейе беруіне тілектеспіз. Инвестициялық ірі жобалар экономиканың негізгі тірегі. Біз екі жақты келісімдер түзе отырып, бауырлас екі елдің экономикасын көтеруге үлкен үлесімізді қосамыз,-деді шаһар басшысы.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі