ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

391

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен ауыл шаруашылығы кластерін дамыту жөніндегі жиын өтті. Онда осы салаға қатысты инвестициялық жобалар мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы айтылды.

Атап айтқанда, жемісті қайта өңдейтін 3, көкөністерді сақтауға арналған 6, құс шаруашылығына байланысты 1, тауарлы сүт фермасы 1, өсімдік майын өндіру цехы 1, жылыжай кешені 1, жалпы инвестициялық 13 жоба таныстырылды.

Сонымен қатар «Shymkent» АҚ әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіпорны тарапынан 4%-бен якорлы жобаларды қаржыландыру бойынша «Іскер қала» іс-шарасының жоспары шеңберінде 1-2%-бен және 21-35 жас аралығындағы жастарға 2,5% жеңілдікпен жеке қосалқы шаруашылықтарды қаржыландыру мақсатында шағын несие беру туралы баяндалды.

Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқарма басшысы Абунасыр Джанбатыровтың айтуынша, 3 жылдан аса жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 21-ден 29 жасқа дейінгі иелері, 21 жастан 58 жасқа дейінгі әйел кәсіпкерлік субъектілері 7,5 %-бен 10 млн. тг. дейін субсидиялау көмегіне жүгіне алады. Сонымен қоса, өнеркәсіптік парк тұрғындарының кәсіпкерлік субъектілері, АӨК-ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері 8,5%-бен 50 млн. тг. дейін субсидиялау көмегін алуға мүмкіндігі бар

-Қаламыздың агломерациялық өсімінің артуына байланысты, ауыл шаруашылығы өнімдерінен дайын өнім өндіретін кәсіпорындарды көптеп ашып, осы бағытта атқарылатын жұмыстарға күш салуымыз керек,

-деді қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы.