САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ ҚҰМ МЕН ТҰЗ СЕБІЛДІ

198

Сарыағаш қаласы аумағындағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қатынасының үзілмеуін және жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында арнайы техникалар жұмылдырып, қар тазалау және жолдарға құм, тұз шашу жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, аудандық маңызы бар ішкі жолдарға Майлықожа, С.Дүйсебайұлы, Әйтеке би, С.Исмайлов, А.Сүлейменов көшелеріне 18 тонна құм, 4 тонна тұз, 2 техника қаралып, 10 адам жұмылдырылды.
Осы орайда, жауапты сала өкілдері аудан тұрғындарына көлік құралын басқарғанда сақтық шараларын ұстанып, абай болуларын сұрайды.