АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА ТАҒЫ БІР ҚАДАМ

297

Бүгін Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады.

Президент Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау күні етіп 2023 жылдың 19 наурызын белгілеу туралы Жарлыққа қол қойды.

Реформалардың аясында еліміздегі сайлау заңнамасына бірқатар елеулі өзгерістер енгізілді. Алдағы сайлауда Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізіммен, 30 пайызы бір мандаттық жүйемен сайланатын болды, сондай-ақ облыстық маслихат депутаттарының 50 пайызы партиялық тізім бойынша, 50 пайызы бір мандаттық жүйе тәртібімен сайланады,ал ауылдық және қалалық мәслихаттарының депуттары бір маңдаттық жүйе бойынша сайланатын болып бекітілді.

Саяси партиялардың тіркеуден өту тәртібі жеңілдетілді, олардың сайлау қорытындысымен Мәжіліске өту шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендеді, депутаттық мандаттардың 30 пайызын әйелдерге,жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға беру заңмен белгіленді.

Барлығыңызды үлкен азаматтық жауапкершілік танытып,алдымызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға және аталған өкілді билік органдарына шын мәнінде халық қалаулысына лайықты, ұлтжанды, отансүйгіш, ел арасында беделді,білімді әрі білікті,жанашыр азаматтарды таңдап сайлауға шақырамын. Сонда ғана біздер Президентіміз айтқандай: «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» қағидатын толығымен жүзеге асыра аламыз, сөйтіп Азаматтық қоғамымыздың дамуына жаңа серпін береміз.

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі