“ОТАНЫН СҮЙМЕЙТІНДЕР ”ОПА” ӘКЕЛМЕЙДІ..”
Түркістан облысы Сайрам ауданында 16 этнос өкілдері тұрады. Сайрамдағы сансыз ұлттар ұйысып тіршілік етуде. Шүкіршілік. Өңірдегі өз ара ынтымақ пен этносаралық қарым-қатынастың көкжиегі көпке өнеге. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың татулық ұстанымын сайрамдық этностар ту етіп келеді. Сайрам ауданындағы саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау hәм нығайта түсу мақсатында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева Сайрам ауданындағы ҚХА құрылымдары өкілдерімен емін-еркін кездесу өткізді. Этнос жастарды Отаншылдық рухта тәрбиелеудің тетігі жайлы да ой-пікір алмасып, жаңа жоспар-міндеттер жүктелді. Әрбір азамат өзі туған Отанын сүю керек. Отанын сүйсейтіндер “опа” әкелмейді. Сайрам ауданындағы 16 этностың сыйластығына сызат түсірмей, тату-тәтті тұрмыс кешуі көпке өнеге. Сондықтан да, өнегелі істің өрісін тарылтпайық-деді жиынды қорытындылаған Түркістан облысы “Қоғамдық келісім” мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева.
“ARA-ақпарат”