“ШЫМКЕНТТІҢ БРИФИНГ ОРТАЛЫҒЫ ”АСПАННАН” ЖЕРГЕ ТҮСТІ…”
Шымкент қаласында әкімдіктің брифинг орталығы осы кезге дейін қалалық әкімдіктің 16-шы қабатында орналасып келді. Ойбай-ау, оған кіріп-шығу мұң еді. Расында ақпарат алу, брифингке қатысу үшін журналистер қауымы “міліссаның” тексеруінен өтіп, әрең кіретін күй кешті. Біле-білсек, журналистер қауымы үшін бұл едәуір қиындық тудырғаны рас. Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы “ішкі кухня” дұрыстағысы келген шығар, АТО-ның брифинг орталығын әкімдіктің 16-шы қабатынан төмен түсірді. “”Көрме” орталығы ғимаратында жайғасты. Енді ешкімнің рұқсатынсыз кез-келген уақытта БАҚ өкілінің емін-еркін кіріп-шығуына жағдай туды. Бұл да болса, ашық қоғам орнатуға ұмтылған Шымкент қаласы әкімдігінің бір әрекеті шығар. Иә, журналистердің емін-еркін келіп, қажетті ақпаратқа қолжетімділігін арттырған абзал іс болды. Әкімді көру үшін емес, ақпарат жинақтау үшін жүрген әріптестерге брифинг орталығы кеңсесінің ”аспаннан” жерге түскені шын мәнінде дұрыс боп қалды.
“ARA-ақпарат”