САУРАНДА СУ БАСҚАН АУМАҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жауын-шашынның шамадан тыс жаууына және жауған қар, мұздықтардың еруіне және арық-атыздардан судың тасуына байланысты төтенше жағдай орын алды.
Орын алған оқиға бойынша Төтенше жағдайлар бөлімімен 12 жергілікті қызмет өкілдері жұмылдырылып, жедел Штаб құрылды. Атап айтсақ, 2023 жылдың 2 ақпан күні таңғы 4.30-5.00 шамасында таудан келген су тасқыны Абай елдімекеніндегі 65 тұрғын үйдің ауласына кірді. Сонымен қатар, осы ауылдық округіне қарасты Үлгілі елдімекеніне 14 тұрғын үй мен Бабайқорған елдімекеніндегі 42 тұрғын үйдің ауласына су кірген.
Қазіргі таңда аудан әкімдігі тарапынан төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынып, жүргізілуде. Сауран ауданы әкімдігінің барлық қызметкерлері жұмылдырылып, тиісті шаралар қабылдануда. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан 1 өрт сөндіру техникасы, 1 Уазик көлігі, 4 су тартатын матопомпа, 33 жеке құрам жұмылдырылған. Бабайқорған елдімекенінде 40 тұрғын үй ауласын су алып, 80 адам эвакуацияланды, оның ішінде 57 — кәмелет жасына толмаған балалар.
Эвакуацияланған халықты көшіруге Бабайқорған, Абай, Үлгілі мектептері дайын күйде тұр. Эвакуацияланған халықты туысқандары алып кетуде. Аудандық полиция бөлімінен 28 қызметкер, ауылдық округтен 88 ерікті жасақшылар, ауылдық әкімдік қызметкерлерінен 8 азамат көмек қолын созуда. Аталған азаматтар таудан келген тасқын суға тосқауыл қою мақсатында 2500 дана қап әкелініп, бөгеу жұмыстары жүргізілуде. Жеке кәсіпкерлерден 3-ЛК және 1-автобус көлігі жұмыс істеуде.
Үлгілі елдімекені бойынша су тасқынының алдын алу үшін 1-ЛК және жеке азаматтардан ГАЗ-53 жүк көлігі, 1 жеңіл көлігі бар. Абай елдімекені бойынша 2-ЛК және 2-Хова, аудан әкімшілігінен және жеке азаматтардан 35 адам жұмыс істеуде.
Майдантал ауылдық округі бойынша 15 жеке азамат және ауыл әкімдігі мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, жұмыс істеп жатқан техникалар 1 дана ЛК көлігі және 1 дана экскаватор арық-атыздарды ашып, суды қауіпсіз аймаққа бұруда.
Шаға елдімекені бойынша 287 үй бар. Оның 30 тұрғын үйдің адамдарын көшіру жұмыстары жүргізілуде. 3-ЛК техникасы және 1-экскаватор бар. Эвакуацияланған адамдар «Вахидов» атындағы жалпы орта мектебіне көшіруге дайын тұр.
Сонымен қатар, аталған елдімекендерге тартылған техникалардың жалпы саны — 42. Атап айтсақ, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан 1 өрт сөндіру техникасы, 1-Уазик көлігі, 4-су тартатын матопомпа, 33 жеке құрам, аудандық полиция бөлімінен 5 көлік, Бабайқорған әкімдігінен МТЗ-80 тракторы – 4, Элька погрузчик – 7, эксковатор – 2, тұрғындарды тасымалдау үшін 2 автобус, 2 жедел жәрдем бригадасы тиісті жұмыстарды атқаруда. Сонымен қатар, адами әлеуетті дамыту бөлімі, «Сауран-су», «Оңтүстік-Жарық Транзит» бөлімдерінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Қазіргі таңда жағдай қалыпты, тұрақты бақылауда.