ТҮРКІСТАН: «АҚЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНАН ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІММЕН ҰСЫНЫЛҒАН КАНДИДАТТАР ТІРКЕЛДІ
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Кездесуде облыстағы саяси партиялар филиалдары партиялық тізімдермен ұсынған кандидаттар тіркелді.
Тарқата айтсақ, «Ақжол» демократиялық партиясының тізімімен облыстық мәслихатқа 15 үміткер, сондай-ақ, бір мандаттықпен бір үміткер, облыс бойынша 36 үміткер бар.
Комиссия отырысына «Amanat» партиясы, «Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстанның Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстан Халық» партиясы, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, «Respublica» партиясы облыстық филиалдарының басшылары, өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында партия өкілдеріне арнайы есеп шот ашу, сайлау қорын құру, сенімді өкілдер ұсыну және оларды тіркеп куәліктер беру мәселелері айтылып, түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, әрбір саяси партиялар филиалдары бойынша тізіммен ұсынылған кандидаттардың сайлау заңы талаптарына сәйкестіктері ескерілді. Олардың мемлекеттік кіріс органдарына активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғандығы мен саяси партияның сайлау жарнасын енгізгендігі назарға алынып, әр партиялар бойынша жекеленген шешімдер қабылданды.
Айта кетсек, бүгінде партия тарапынан үгіт-насихат жұмыстарына дайындық жұмыстары мен сайлау учаскелеріне байқаушыларды орналастыру мәселелері қарастырылуда. Партияның Түркістан облысы бойынша 25 мыңға жуық партия мүшесі бар.