“АЯҚТАН ШАЛУ МА?…”

492


Сайлау мәресіне бірер күн қалғанда, Шымкент қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттар тізімінен қандай да бір себептермен алынып тасталған Ғани Қанжігіт Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен қайта қатарға қосылды. Жалпы, үгіт-насихат жұмыстары басталғалы бері орын алып жатқан осыған ұқсас жағдайларды қалай түсінуге болады: аяқтан шалу ма әлде өз ойындағы әділдікке жету ме?! Қалай дегенде де, кекесін күлкіні келтірер не «апам да аң-таң, мен де аң-таң» күйде қалдырар неше түрлі қитұрқы не, шынында да, шала сауатты жайттар келер күнімізді кемел ететіні күмәнді. Сондықтан да, шоқпарға оны көтере алатын ғана адамның қол созғаны дұрыс шығар.
Ал Ғани Қанжігітұлына сәттілік тілейміз! Ғани Қанжігітұлының алдыңғы сайлауда «Ауыл» партиясы атынан депутат болғанын және тәжірибенің аса маңызды екенін сайлаушылар есіне сала, «ауыл-ел өркениетіне қолғабыс етемін» деген азаматты қолдауға шақырамыз.
Базаркүл Бердіхожаева
Журналист