КЕНТАУЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРІ: БҰЛ САЙЛАУ — ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

248

Кентау қаласындағы №53 сайлау учаскесіне қалалық жедел жәрдем қызметкері Жахангир Кенжебаев келіп, дауыс берді. Сондай-ақ, қалада 35 сайлау учаскесі таңнан бері тұрғындарға қызмет атқаруда.

«Жаңа Қазақстанды құру жолында кез келген тұрғын сайлауда өз таңдауын жасау қажет. Мен жұмыста жүріп, уақыт тауып, өз мүмкіндігімді жібермей, ел болашағы үшін үлес қосуым қажет деп санадым. Қаламыздағы елін-жерін ойлайтын әрбір азамат, мемлекетіміздің баянды болашағына бейжай қарамауы керек. Өзгерісті өзімізден бастап, бір мүдде, бір мақсат төңірегінде бірлігімізді, ынтымағымызды көрсетіп, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс берейік» дейді жедел жәрдем қызметкері.

Айта кетсек, қаладағы №14 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебіндегі №53 сайлау учаскесіне 2182 сайлаушы тіркелген. Жалпы, қалада 34 ашық, бір жабық сайлау учаскесіне 56172 сайлаушы келіп өз таңдауын жасайды деп жоспарланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі