НАУРЫЗ ТОЙЫ ГАЛА КОНЦЕРТКЕ ҰЛАСТЫ

172


Шымкенттегі Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар бүгін Астана алаңында өткен «Шырқа, Наурыз» гала концертімен қорытылды. Халықтың сүйіктісіне айналған сахна саңлақтары — Жанболат мен Жазира, Мелдір Әуелбекова, Әлия Әбікен мен Қанат Үмбетов, Райм мен Ерке Есмахан бастаған эстрада жұлдыздары ән шырқап, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.
Наурыз шашуы ретінде ұсынылған концерттік бағдарламаны көруге келген жұртшылықтың қарасы қалың болды. Көктем лебін жеткізген әуелеген әндер шеруін тұрғындар ашық аспан астында үш сағат бойы тікеден тік тұрып тамашалады. Мерекелік кеш «Хабар» арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.