«Армысың, әз-Наурыз!»

345

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіп жүр. Шымкент қалалық ҚХА жанындағы құрылымдар, этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Достық үйінің» алдына киіз үй тігіліп, салтанатты жиын ұйымдастырылды.

«Армысың, әз-Наурыз!» атты салтанатты шараға Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 17 этномәдени бірлестіктің төрағалары мен өкілдері, 7 қоғамдық құрылым — Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, «Ассамблея жастары» ұйымы, Медиация кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ, Кәсіпкерлер ұйымының мүшелері атсалысты.
— Наурыз мейрамы — өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын және Күн мен Түн теңеліп, айнала жаңаратын игі мереке. Наурыз — ынтымақ пен бірліктің, достықтың мерекесі. Еліміздің ынтымағын нығайтып, татулығын сақтауда еңбек етіп жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдерін Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтаймын, — деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы М.Шотанов.
Жиылған қауым «Достық үйі» және «Бірлік үйі» атауымен тігілген қос киіз үйге бас сұғып, онда этномәдени бірлестік өкілдері жайған дастарханнан дәм алды. Сондай-ақ, «Наурыз кәдесі» үлестіріліп, ұлттық ойындар ойнатылды.

Наурыз мейрамы – көктемгі жаңару мерекесі. Ол Шығыс халықтарының ислам дінін қабылдағанына дейін пайда болды Наурыз мейрамына байланысты он қызықты деректі Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Бұрын Наурыз мейрамын тойлау таң атуды қарсы алудан басталды. Бұл ежелгі ғұрыптардың біріне — «Бұлақ көрсең, көзің аш!» деген мәтелге байланысты болды.
  2. Наурыз мерекесінің дінге қатысы жоқ. Наурыздың нақты тарихы тереңде жатыр, ол өзінің бастауын мұсылмандыққа дейінгі заманнан алады. Ғалымдардың айтуынша, қазіргі кезде осы мейрамның тамырлары зороастризм және шаманизм дәуіріне жатады.
  3. Атырау және Маңғыстау облыстарында Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталып, «Амал» деп аталады, осы мейрамның дәстүрлі элменті — «Көрісу». Бұл күні адамдар қол алысып қауышады. Сонымен бірге, барлығы «Жаңа жыл құтты болсын!» деп амандасады.
  4. Наурыз мейрамының уақытында дүниеге келген балаларға осы мерекенің атауына түбірлес есімдерді қойған. Біздің заманымызға дейін келесі есімдер сақталды: Наурызбек, Наурызбай, Наурызгүл.
  5. Мереке күні қар жауып тұру жақсы ырым деп саналған. Бізге жеткен қазақ аңыздарында қыздың сұлулығы Наурыздың ақ қарына теңестеріледі. Бұл таңғажайып жайт емес, өйткені наурыздағы қар әдетте жұмсақ, ерекше әппақ болады.
  6. 1926-1988 жылдары Наурыз Қазақстандағы бүкілхалықтық мейрам болып саналған. 2001 жылы Наурыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп жарияланды. 8 жылдан кейін (2009 ж.) ҚР Президентінің Жарлығымен Наурыз мерекесін тойлауға және қазақстандықтардың демалуына 3 күн қатар беріледі деп жарияланды.
  7. Наурыз Қазақстанда ғана тойланбайды. Жақын шетелдің елдері (Әзірбайджан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей) Наурыз мерекесін қарсы алады! Ауғанстан, Иран — алыс шетел елдері мерекенің келуін тағатсыздана күтеді.
  8. Наурыздың дәстүрлі тағамы — «Наурыз көже». Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. 7 санға байланысты әдет-ғұрыптар бар. Наурыз мерекесін тойлау кезінде ақсақалға наурыз көжеге толы жеті кесе ұсынылады. Наурыз кезінде әр адам өз үйіне 7 қонақты шақырып, өзі-де 7 үйге жолығады.
  9. Өзбекстанда «Сумалақ» — наурыз көжеге ұқсас тағам дәстүрлі болып саналады. Ол да жеті азықтық заттан әзірленеді.
  10. Наурыздың алғашқы күндерінің бірінде қазақ халқының нанымы бойынша жердің бетінде ерекше бір гуіл жүреді. Білетін адамдар мұны жұмақтан шыққан қойлар бірінші болып сезеді, оларды баққан қойшы да байқайды дейді. Мұндай күні бүкіл табиғат, жан-жануарлар, адамдар жандана түседі. Бұл күні шаш алуға, тырнақ алуға болмайды, әйтпесе сал болып қаласың дейді. Айналадағы жан иесінің бәрі «әзден» кейін ғана ерекше күш-қуатқа ие болады. Халықта мынадай қанатты сөз бар: «әз болмай, мәз болма».