БИЫЛ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДЫҢ ТУҒАНЫНА — 930 ЖЫЛ

286

Әл-Фараби ауданының жастар ресурстық орталығы мен Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлері бірлесе отырып, Қожа Ахмет Ясауидың туғанына — 930 жыл толуына орай, жасөспірімдер кітапханасында тарихи еске алу кеші ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы, дін істері басқармасы ДМЗО КММ-нің теологы — Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінің бас имамы – Керімбек Ахметжан Пірәліұлы, журналист Әбдісаттар Әліп, тарихшы Мұхит Мразов пен М.Өтебаев атындағы колледжінің жастары қатысты.

Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) — қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.

Кеш барысында Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың өмір жолы мен құнды еңбектері жөнінде айтып, тарих тұлғаларын ұмытпауға шақырды. Сонымен қатар, кешке келген өнерпаз жастар өз өнерлерін көрсетіп, үлкендердің ақ батасын алды.