ORDABASY: АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

27

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының 2020 жылғы 02 наурыздағы 40 санды бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидасының 101- тармағына сәйкес «Б» корпусының бос мемлекеттік қызметшілері арасындағы жарияланған ішкі конкурс бойынша Түркістан облысы әкімі аппаратының конкурс комиссия отырысының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға оң қорытындысын алған Тұрнияз Ильяс Еркінұлы аудан әкімінің 04-ші наурыздағы 57 санды өкіміне сәйкес аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған орынбасарды аудан әкімі Азат Оралбаев таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Тұрнияз Ильяс Еркінұлы 1987 жылдың 17-ші қаңтарда Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында дүниеге келген.

2009 жыл- Қазақ гуманитарлы-заң университетінде заңтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Шымкент қаласы әкімі аппаратында нұсқаушы, оператор, жетекші маман, бас маман. 2013 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы құқықтық және ұйымдастыру-кадрлық бөлімінің бас маманы;

2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;

2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Шемонаиха аудан әкімінің орынбасары;

2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы;

2016-2019 жылы Шымкент қаласының ауылшаруашылық кооперативтер бірлестігінің ғылыми жұмыстар жүргізу бөлімінің басшысы;

2019 жылы Ордабасы ауданы әкімінің көмекшісі;

2020 жылы Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі әкімінің орынбасары;

2020-2023 жылы Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі әкімі;

2023 жылы 14 желтоқсанынан бүгінгі күнге дейін Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.