ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ: ВОЛЕЙБОЛДАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ

285

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған “Шымкент жастар лигасы” жобасы жалғасуда.

Жобаның мақсаты — мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау.

Әр апта сайын мектеп оқушылары төрешілер бекіткен кестеген сәйкес спорттық сайысқа түсіп, аудан аралық іріктеуге жолдама алуда.

Бүгін Әл-Фараби және Абай ауданының мектеп қабырғаларында волейбол ойынан қыздар арасында тартысты ойын өтті. Атап айтқанда:

Әл-Фарби ауданы бойынша: ⤵️

1. [А-тобы] — №47 мектепте — №17 және №47, № 9 және №11
2. [В-тобы] — №18 мектепте — №8 және №18, №14 және №35
3. [С-тобы] — №64 мектепте — №76 және №75, №6 және №76
4. [Д-тобы] — № 62 мектепте — №1 және №62, №20 және №7

Абай ауданы бойынша: ⤵️

1. [А-тобы] — №86 мектепте — №5 мен №81, №87 мен №50
2. [В-тобы] — №133 мектепте — №78 және №3, №122 және №26
3. [С-тобы] — №137 мектепте — № 66 және №95, №95 және №137
4. [Д-тобы] — №23 мектепте — №136 және №56, №125 және №60