”ЖАСТАР LIFE”

171

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жаңа Иқан ауылдық округінің жастары арасында «Жастар life» жобасы өткізілді.

Жастарға арналған бұл жобаның негізі мақсаты ауыл жастарының тыныс тіршілігімен танысу, белсенді жастардың ортасын қалыптастару, мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттап қолдау білдіру, жастар саясатын қолдауға, және ерікті жастар санын көбейте отырып бірлесе жұмыс күшін көбейту болып табылады.

Жаңа Иқан ауылы «Жастар Life» жобасына ауыл жасатры мен бірге батасын берер қариялары, әжелері және ынтамағы-бірлігімен айналасына танылған ауылдың тұрғындары «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» қолдау танытып шараның басы-қасынан табыла білді.

Іс-шараға Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі Т.Абдаев, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалекеев,

Сауран аудандық мәслихат депутаты Д. Ирисбаев

Ауыл ардагерлер кеңесі М.Хасанов, әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Якупова және Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшы орынбасары Н.Тәжібай қатысып жастармен еркін форматта пікір алмасып, жастарға сәттілік тіледі.

Жалынды жастар өздерінің күзгі жеміс-жидектермен және көкөністерден жасаған қолөнерлерін көрме етіп жасап көпшілікке ұсынды. Сонымен қоса талантты жастар ән айтып, би- билеп өз өнерлерін көрсетті.

Жігіттеріміз болса ұмыт болып бара жатқан қазақша күрес, тоғыз құмалақ, асық ату секілді денсаулыққа пайдалы ұлттық ойындарымызды жастар арасында кеңінен дәріптей білді.

Ұлағатты ұстаздарымыз болса қазақилығымызды таныта түсетін ұлттық құндылықтарымызды ауыл жастарының санасына сіңіру жолында әрі келешек ұрпаққа мұра ету мақсатында өздерінің ашқан үйірмелерінің кереметтей жұмыстарын мәселен тоқыма тоқу, ұршық үйіру, нан жабу, күбі пісу, құрт жаю, кесте тоқу секілді дәстүрлерімізді жиналған қауымның назарына ұсынды.

Жеке кәсібін ашып шаруаларын жүргізіп отырған жастар, адал еңбектерінің нәтижесін көрсетті.

Жастарға қолдау білдіріп шараға белсенді түрде атсалысқан барша жанға ерекше алғыс білдіреміз.