ШЫМКЕНТ: ЭКОЛОГИЯ  ДЕПАРТАМЕНТІ 6 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРТЫНДЫЛАДЫ

389

 

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында  Шымкент қаласы бойынша экология   департаменті  басшысының  міндетін атқарушы Е.Қозыбаев 2022 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша атқарылған жұмыстары туралы баспасөз брифингін берді.

«Департамент 2022 жылдың   1 жартыжылдығында  31 тексеру тексеру жүргізген. Тексерулер нәтижесінде жалпы 139 әкімшілік іс қозғалып,

жалпы сомасы 41 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 37 млн теңгеге өскен.

Департамент тарапынан қала, аудан прокуратурасымен, аудандық полиция басқармаларымен, жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде жалпы  100 әкімшілік істер қозғалып 14 млн теңгеден астам айыппұл салынған»,- деді Ермахан Тастанбекұлы.

Спикердің сөзінше, қала прокуратурасымен Шымкент қаласындағы бірқатар сауда базарларының экологиялық заңнама талаптарының сақталуына тексеріс жүргізіліп,  9 базарға қатысты 21 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы көлемі 1,6  млн теңге айыппұл салынып, толығымен мемлекет пайдасына өндірілген. Жалпы айтқанда, мүлдем рұқсатсыз жұмыс істеген 5 кәсіпорын — қорғасын қалдықтарын өңдеу зауыты, асфальт зауыты, ішек-қарын өңдеу цехы, сабын өндіру цехы және металл өңдеу және құю  зауыттарының қызметі тоқтаған.

Сондай-ақ рұқсаттарында қарастырылмаған қосымша ластау көздері жұмыс істеген 2 метал өңдеу және құю  зауыттары  және асфальт өндіру зауыты, тас майдалау цехы тоқтатылды. Ғарыштық мониторинг арқылы бей-берекет қоқыс үйінділерінің 45 координаттық нүктелері анықталып, аудан әкімдіктері тарапынан толық тазаланды.   Күшіне енген жаңа Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес 2021 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін табиғат пайдаланушылардың  санатын қайта өзгерту бойынша электронды түрде жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күнге, 737 объектінің санаты айқындалды, оның ішінде 1 санатқа – 30,  2 санатқа — 88, 3 санатқа – 361, 4 санатқа 259 объект жатқызылды.

Айта кету керек, департамент бастамасымен 2022 жылдың 1 жартыжылдығында  бірқатар мәселелер бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілген. Оның ішінде,  мемлекеттік органдардың сарқынды сулардың жер бедеріне төгіліп жатқаны жөнінде хабарламасы нәтижесінде «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, қазіргі таңда, ЖШС тарапынан зауыт аумағынан сарқынды сулар жер бедеріне төгілуіне жол бермеу мақсатында орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Бадам -2 тұрғындарының ішек-қарынды шаю барысында түзілген сарқынды сулардың жер бедеріне төгілуін тоқтату жөнінде арызы негізінде тексеру жүргізіліп,  кәсіпкер тарапынан сарқынды сулар үшін септиктер орнатылып, келісім-шарт негізінде арнайы мекеме арқылы әкетілуде.

Рұқсатсыз жұмыс істеген немесе рұқсатында көрсетілмеген қосымша ластау көздері бар, жалпы 9 кәсіпорынның қызметі тоқтатылды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы