ОКРУГТІК ӘКІМ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ!
Майдантал ауылдық округ әкімі: Жандос Досболовтың қолдауымен
«25 қазан Республика» күніне орай Үстел теннисінен ашық әкім турнирі өтті. Турнирдің ашылуына, Майдантал ауылдық округінің әкімі Досболов Жандос Мұратұлы, Сауран ауданының мәслихаты депутаты Раматуллаев Арсылан Серікұлы, Қаражон шағын жинақталған жалпы орта мектебінің ұстазы Ниязбеков Нағызхан Ахметұлы арнайы келіп турнирді ашып берді. Жалпы турнирге 8 команда бақ сынады. Ойын қызықты әрі тартысты өтті.
1 орынды «Қаражон» командасы еншіледі. Кубок және арнайы сыйлықтармен қоса сертификаттармен марапатталды.
2 орынды «Отырар» командасы еншілеп арнайы сыйлықтармен қоса сертификаттармен марапатталды.
3 орынды «Кентау» командасы қоржындарына еншілеп, арнайы сыйлықтармен сертификаттармен марапатталды. Қосымша «үздік ойыншы» номинациялармен марапатталды. Ойынға қатысушы командалар: Ауыл әкімі Жандос Досболовқа және демеушілік жасаған мәслихат депутаты Раматуллаев Арсыланға, турнирді ұйымдастырушы жастарға және әділ шешім қабылдай білген төрешілерге өз алғыстарын білдірді. Ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Қатысқан командалардың барлығы жүлдесіз қалмады. Аттерлетіп алыстан келген командаларға қаржылай қолдаумен, мадақтама грамталармен марапатталды. Ауыл әкімі Досболов Жандос жалпы турнирдің жоғарғы деңгейде өтуіне ат салысқан жастарға өз алғысын білдірді. Жалпы іс-шараның мақсаты ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға, және жастарымызды спортқа баулуға шақыру мақсатында ұйымдастырылды. 25 қазан «Республика күні» құтты және берекелі болсын! Тәуелсіздігіміздің Тұғыры биік болсын!