АЗАТ ОРАЛБАЕВ: НӘТИЖЕ ҚАҒАЗБЕН ЕМЕС, НАҚТЫ ІСТЕРМЕН КӨРІНУІ ТИІС

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжілісі өтті.
Апталық жиынға аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшыларымен ауыл округ әкімдері қатысты.
Алғашқы болып аудан әкімі аппаратының басшысы Жұманәлі Кадиев 2024-2025 жылдары облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмаларға және аудан әкімінің қатысуымен өткен мәжілістерде және ауыл округтерді аралау барысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуына тоқталды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева инвестициялық жобалар мен бюджет кірістерін ұлғайту аясында баяндады.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомабиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков аудан көлемінде ақпан-наурыз айында “Таза Қазақстан” акциясы аясында атқарылған жұмыстарды баяндады.
Аудан басшысы хаттамалық тапсырмалардың өз уақытысында жүйелі орындалуын, осы бойынша сала орынбасарларына жұмыстарды ширатуды тапсырды. Тапсырма тек қағаз жүзінде емес нақты істермен көрінуі тиіс екендігін атап өтті.
Аудан басшысы әр сала бойынша нақты тапсырмалар беріп, санитарлық тазалық жұмыстары, абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарын күнделікті назарда ұстайтынын жеткізді.