ҚАЛАДА ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

18
Түркістан қаласында қар тазалау жұмыстары барынша жедел жүргізілуде. Алдымен, ең маңызды негізгі көшелер мен қоғамдық орындардың маңайы тазаланып, кейіннен ішкі орам көшелері, тұрғын үйлердің аулалары мен әлеуметтік және білім беру нысандарының айналасы назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасау мақсатында тазалық шаралары тоқтаусыз жалғасады.