Мүгедектігі бар 2169 азамат жұмыспен қамтылған

74

Түркістан облысында 2024 жылдың 1 шілдесіндегі жағдаймен нақты 2 169 мүгедектігі бар адамдар жұмыспен қамтылған. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың экономикалық дербестігі мен оларды сапалы жұмыспен қамту мәселесін қашан да басты назарда ұстайды.Оған дәлел қазіргі таңда, еңбекке қабілетті жастағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жалпы санының 100 мыңы немесе 23,3%-ы жұмыспен қамтылуында болып отыр. Министрліктің мәлімдеуінше, 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 30%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.Сонымен бірге мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы белсенді түрде қолға алынуда. Мәселен тек 2020 жылы аталған бағдарлама аясында 13 мың мүгедек азамат жұмысқа орналастырылып, 626 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға 830 өтеусіз грант және 350 микрокредит берілген.

Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кәсіптер атласы әзірленді. Оған сәйкес мүгедек адамдарды сұранысқа ие мамандықтар, оның ішінде IT мамандығы бойынша оқыту жүргізілуде .Сол сияқты «Даму» қорымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатысуымен «Scale-up» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын 76 бизнес-жобаға қолдау көрсетілуде.Бұған қоса мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін шешуде жергілікті әкімдіктер де атсалысып отыр. Мысалы өңірлік және орталық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мүгедек азаматтарды мемлекеттік қызметкерлер қатарына тарту жұмыстары қолға алынуда. Оған дәлел 2020 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша, мемлекеттік қызметке тартылған мүгедек азаматтардың саны 701-ге жеткен. Сондай-ақ олардың арасында 391 адамның Мемлекеттік басқару академиясының онлайн-курстарынан өткені белгілі болды.Сондай-ақ, биылғы жылдан бастап республиканың барлық аймақтарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Ten Qоgam» әлеуметтік қолдау және жұмысқа орналастыру орталықтары ашылуда. Қазірдің өзінде мұндай орталықтар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ашылған.

Министрлік өкілдері облыстарда мүгедек азаматтарды жұмысқа орналастыру бағытында, белгіленген квоталарды орындау бойынша кәсіпорындармен белсенді жұмыс істеу қажеттігін де атап өтті. Себебі қазіргі күні кәсіпорындардың тек 36%-ы ғана заң талаптарына сай қызмет етуде.2024 жылғы маусымда Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 94,4 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер – 88,9 мың түйіндеме орналастырды. Мамыр айымен салыстырғанда бос орындар саны 8,6 мың бірлікке (+10%) өсті, ал түйіндеме – 9,6 мың бірлікке (-9,7%) қысқарды.

Бос жұмыс орындарының жалпы өсуіне қарамастан, фермерлерге, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және көлік жұмысшыларына сұраныстың төмендеуі байқалды. Ұсыныс берушілер тарапынан ауыл шаруашылығы жұмысшылары мен өндірістік сектор операторларының түйіндемелері санының төмендеуі байқалды. Бұл ретте біліктілік бойынша сұраныс құрылымы өзгеріссіз қалды – орта білікті жұмысшылар ең жоғары сұранысқа ие болды (32,8 мың бос жұмыс орны немесе 37%).

Маусым айында білім беру (18,4 мың бос жұмыс орны), басқа да қызмет түрлері (16,4 мың бос жұмыс орны), денсаулық сақтау (8,9 мың бос жұмыс орны) және құрылыс (8,5 мың бос жұмыс орны) салаларының ұйымдары еңбек нарығында дәстүрлі түрде жоғары белсенділік танытты. Олардың үлесі орналастырылған барлық жұмыс орындарының жартысынан көбін құрады.