Арыс қаласындағы «Асыл жүрек» әлеуметтік орталығы 159 мүгедектігі бар  балаларға әлеуметтік қызмет көрсетеді

160

Арыс қаласы бойынша 2570 ерекше жандар бар. Оның ішінде I топтағы 172 адам, II топтағы 898 адам, III топтағы 1025 адам,  18 жасқа дейінгі 495 мүгедек   балалар бар. Осы ретте Арыс қаласындағы «Асыл жүрек»  әлеуметтік орталығы 159 мүгедектігі бар  балаларға  26 әлеуметтік қызметкерлер үйлеріне барып әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Одан бөлек, қаладағы «Тең қоғам орталығында» мүмкіндігі шектеулі жандарға фронт-офис режимінде психологиялық қолдау – көмек көрсетіледі. Бұл орталықта I–топтағы зағип жандар мен II-III-топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және осы санаттағы балаларға да қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, массаж, шахмат, дойбы ойыны мен спорттық дене шынықтыру жаттығуларына арналған тренажерлармен жұмыс істеу бағдарламалары енгізілген. Орталықта күніне 25-30 адамға қызмет көрсетілуде. Оның ішінде, көзі нашар көретін жандар үшін Брайль әліпбиі негізінде оқылатын кітаптар мен    23 адамға арналған оқу залы да бар. Ол жердегі кітап қоры 180 дананы құрайды. Ал, оның аудио нұсқасын тыңдағысы келетіндер үшін 300-ден астам аудиодиск тұтынушылар назарына ұсынылады.

Жалпы мүгедектерді кресло-арбамен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары әзірлеген мүгедектерді оңалту бағдарламасы (бұдан әрі — МОБ), мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету бойынша өтінімдерінің негізінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жұмыс берушінің кінәсінан еңбек жарақатын алған немесе кәсіби ауру салдарынан мүгедек болған мүгедектер МОБ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен кресло-арбалармен қамтамасыз етіледі. Жұмыс берушінің жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға жабылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінан еңбек жарақатын алған немесе кәсіби ауру салдарынан мүгедек болған мүгедектерге кресло-арбалар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен беріледі. Кресло-арбаларға мұқтаж мүгедектер немесе олардың келісімімен басқа тұлға, сонымен қатар мүгедек балалардың заңды өкілдері тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөлімдеріне өтініш жазады және келесі құжаттарды ұсынады:мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы,жазатайым жағдай туралы акті және жұмыс берушінің жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның жабылуы туралы құжат.