Ерекше қажеттіліктері бар балалардың қоғамға тез бейімделуі маңызды

58

Түркістан облысының тұрғындарының назарына бүгінгі таңда қоғамда балалардың денсаулығындағы ауытқуларына қарамастан кез келген жас жеткіншек білім алуға, өз-өзін жетілдіруге және дамытуға зор мүмкіндік алып жатқандығы жөнінде ақпараттарды ұсынамыз. Еліміздегі инклюзивті бағыттың дамуына әрбір қазақстандық азамат, сондай-ақ отандық ірі компаниялар мүмкіндігінше демеу көрсетуде. Оның ішінде,  ИнваТакси — ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдарға арналған көлік бар. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның толыққанды мүшесі болуға, ортаға сіңісу үшін қажетті инфрақұрылым нысандарына баруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде олардың өмір сүру деңгейін, денсаулығы мен білімін жақсартатын қосымша қызметтерді алу мүмкіндігін береді.

Иә, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін әлемнің көп елдері мен қалаларында осындай инватаксилер пайда болды. Қазақстан да мұндай жаңалықтан шет қалған жоқ. Қазір мұндай қызметтер Қазақстанның әрбір ірі қаласында бар. Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау – кез келген қоғамның өткір мәселесі. Бізде де бұл күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселенің бірі. Егер үлкен қалаларда бұл сала әупірімдеп қолға алынып жатса, ірі қалалардың төңірегіндегі шалғай елді мекендердегі жағдай алаңдатарлық күйде. Дәл қазіргі уақытта Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар ел халқының 10%-ын құрайды. Азаматтардың бұл бөлігі тұрақты алдын-алу немесе емдеу шараларына аса мұқтаж. Ал, арнайы мамандандырылған мекемелер облыс орталықтарында немесе астанада болғандықтан, науқасты тиісті жеріне жеткізуде де қиындықтар кездеседі. Сондықтан да, инватакси қызметі ауадай қажет екені сезілуде.

Инватакси қызметіне жүгіну үшін тапсырыстар жеке көмекшінің әлеуметтік көмегіне медициналық көрсетілімдері, 2005 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №754 «Оңалту-сауықтырудың кейбір мәселелері, бөлмеішілік және серуендеуге арналған кресло-арбалармен қамтамасыз ету үшін медициналық көрсетілімдер» туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №750 «Медицина-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелерін бекіту» туралы бұйрықтарына сәйкес қабылданады.