АУДАН ӘКІМІ ҚАРАШЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

178

Бүгін Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков 2022 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстарымен және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыс жоспарлары туралы бекітілген кестеге сәйкес, Қарашық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» деп тапсырма берген болатын.

Аталған тапсырмаға сәйкес, Қарашық жұртымен кездескен аудан әкімі Ғани Құрмашұлы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы және оның ішінде Қарашық ауылдық округі бойынша кеңінен тоқталып өтті. Бұған дейінгі өткен кездесулерде ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша айтып, алдағы уақытта шешімін табатын мәселелерді тілге тиек етті.

Қарашық ауылдық округінде алдағы жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2 мектеп салынбақ. Бұдан бөлек, Оранғай, Жүйнек, Қарашық ауылдық округтеріне газ кіргізілетін болады. Бүгінгі таңда ауыз су мәселесі барлық ауылдық округтерде көтеріліп келеді. Алдағы 2025 жылға қарай барлық ауылдық округтерде 100 пайыз ауыз сумен қамтылатын болады.

Еркін форматта өткен кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, қалаға қатынайтын қоғамдық көлік, ауыз су, мектепке баратын көшелерді ағымдағы жөндеу, ауылда интернет байланысы нашар екенін, жер мәселесі, кен орындары (кариер), ауылдағы ұрлық тиылмай отырғанын, ауылға камера қоюды, Құмтүйін елді мекеніне автокөлік жол белгілерін қою, жайылымдық жерлерді қайтару мәселелерін көтерді. Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша аудан әкімі Ғани Құрмашұлы тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін, бұл бойынша тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі