АУДАН ӘКІМІ ЖҮЙНЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

325

Бүгін Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков 2022 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстарымен және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыс жоспарлары туралы бекітілген кестеге сәйкес, Жүйнек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» деп тапсырма берген болатын.

Жүйнек ауылдық округіне барған аудан әкімі Ғани Құрмашұлы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті. Сонымен қатар, бұған дейін 3-ші тоқсанда өткен кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша атқарылған және атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Жүйнек ауылдық округінде бүгінгі күннің басты проблемасы болып отырған шаруалардың ағын су мәселесі болып отыр. Бұл ағын су бойынша шаруалармен кездесуге арнайы келген «Тұран су» мекемесінің өкілі Қ.Үсенбаев ағын судың қай уақытта берілетін кезіңін айтып, сол уақытта алқаптарын суарып алуға шақырды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, ағын су, Шекербұлақ елді мекеніндегі су мұнарасын ауыстыру, спорт алаңын салу, жол, жер мәселесі, жайылымдық жерлерді қайтару, елді мекендерді жарықтандыру, мектептерге камера қою, интернет желісінің нашарлығын алға тартты. Ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдаған аудан әкімі Ғ.Құрмашұлы барлық сұрақтарға нақты толымды жауап берді.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі