ОРДАБАСЫЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АУДАНДАҒЫ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

148

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаев бастаған полиция қызметкерлері «Жеңіс күні» мерекесі қарсаңында, соғыс ардагері Қалмен Мұратов атамыздың шаңырағына ат басын бұрып, құттықтады.

Ұлы Жеңістің 78 жылдығын тойлағалы отырған ардагерге бейбіт өмір үшін күресте көрсеткен ерлігі үшін шынайы алғысын білдіріп, мерекелік сый-сияпатын табыстады.

Айта кетейік, Қалмен Мұратов 1924 жылы Ордабасы ауданы Бадам елдімекенінде дүниеге келген. Соғыс майданына 18 жасынан аттанған жауынгер, бүгінгі таңда аудандағы соңғы соғыс ардагері болып табылады. Өз кезегінде Мұрат Қалменов жүрекжарды лебізін білдіріп, еліміздің тыныштығын күзеткен тәртіп сақшыларына ақ батасын берді.