ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 78 ЖЫЛ!

438

Бәйдібек ауданында мамыр айындағы қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Жиынға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жастар орталығының өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты.

Мерекелік шарада Жеңіс туы салтанатты түрде көтеріліп, «Данқ» мемориалдында соғыс жылдарында ерлікпен қаза тапқандар ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Майдан даласында қаза болған жауынгерлерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сонымен қатар оқушылар арасында саптық жүрістер өткізіліп, ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Іс-шара соңында шағын мерекелік концерт болып өтті.