«ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» АКЦИЯСЫ

246

Ішкі істер істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтті. Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мамырда, ал әкімшілік жазаға қатысты түзетулер шілде айында күшіне енеді.

Әкімшілік хаттама рәсімделгеннен кейін жәбір көрген әйелдер агрессормен сотта татуласып жатады.

Енді сотта бір рет қана татуласуға мүмкіндік беріледі. Одан кейін жанжал қайталанса, әйелі кешірім жасаса да, агрессор жауапқа тартылады.

Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, заң бұзған адамға ескерту жасалады, я болмаса, бірден 5 тәулікке қамап тастайды. Ал заң бұзушылық қайталанса, 10 тәулікке қамалады. Жазаның мерзіміне қатысты баптардан «дейін» деген сөз алынып тасталды.

Артық болмас білгенің! ҚР Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңынан.

20-бап. Қорғау нұсқамасы

  1. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік ұстап алуды не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабында көзделген тәртіппен ұстап алуды жүргізу үшін негіздер болмаған кезде аумақтық полиция органының, ішкі істер органы жергілікті полиция қызметінің бастықтары, олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар жәбірленушінің пікірін ескере отырып, қорғау нұсқамасын шығарады, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупін төндіретін адамға орындау үшін қолхатпен беріледі. Қол қоюдан бас тартылған жағдайда, қорғау нұсқамасында бұл туралы жазба жасалады.

Жәбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайда құқықтық салдарлары түсіндіріле отырып, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесі қолхатпен берілуге тиіс.

Қорғау нұсқамасының көшірмесі өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамға табыс етілген кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.

  1. Қорғау нұсқамасы ол шығарылған кезде он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға қатысты шығарылады.
  2. Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады.
  3. Қорғау нұсқамасында: оның шығарылған уақыты мен орны, кімнің шығарғаны және кімге қатысты шығарылғаны, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалған орны, уақыты және мән-жайлары немесе жасалу қаупі, жәбірленушімен қатынастарда белгіленген шектеулер, құқыққа қарсы іс-әрекеттер жалғастырылған және қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайлардағы құқықтық салдарлары көрсетіледі.
  4. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі ол өзіне қатысты шығарылған адамға берілген кезден бастап отыз тәулікті құрайды. Тексеру мерзімділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір ретті құрайды.
  5. Алып тасталды — ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  6. Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
  7. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады.