РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР КҮРЕ ЖОЛДАРДЫҢ БОЙЫНА ЖАНУАРЛАРДЫҢ МАКЕТТЕРІ ОРНАТЫЛУДА

105

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды жүзеге асыруда.Жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу барысында аудан аумағында республикалық маңызы бар Шымкент Самара тас жолындағы Төрткүл, Темірлан ауыл округі аумақтарына үй жануарлары макеттері (муляж) орнатылды. Жыл басынан бері аталған аумақтарда үй жануарларының қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы орын алған.

Жол бойында үй жануарларының қатысуымен орын алатын қақтығыстардың алдын алу үшін жол жиегіне макеттер, үй жануарларына жарық шағылыстырғыш таспалар (флиппер) тағылуы керек. Көлік жүргізушілер қараңғы кезде жолдың үстіндегі малды көруіне көп мүмкіндік береді. Әрі жол бойындағы апатты азайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, жол бойындағы үй жануарларының көліктермен қақтығысуын болдырмау мақсатында, тұрғындардан өз меншігіндегі үй жануарларын уақытылы қамап, жол- көлік оқиғасына себепкер болмауға шақырамыз.