ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА

224

Аудан көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аудан әкімдігі, аудандық прокуратура және полиция бөлімі бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруда.

Бүгін полицейлер жол-көлік оқиғалары мен жануарлардың қатысуымен орын алатын қақтығыстарды болдырмау мақсатында көлік жүргізушілер мен тұрғындарға тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескерту шаралары берілді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін шараға аудан тұрғындары мен көлік жүргізушілері де белсене атсалысатындықтарын жеткізіп, тиісті профилактикалық шара жүргізген тәртіп сақшыларына алғысын білдіруде.