Түркістандық 100 жастағы кейуана референдумда дауыс берді

24

Түркістан қаласының тұрғыны, 100 жастағы кейуана Бибісара Тойғараева референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.

Қарт ана №109 көшпелі учаске арқылы дауыс беріп, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Оның бұл қадамы жас ұрпаққа үлгі болып, азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісіне айналды.