ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ 50-ГЕ ТАРТА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАДЫ

166

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болу деректерін анықтауға бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара аясында Түркістан қаласының ювеналды полиция қызметкерлері, Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен жастар орталығының тиісті мамандары, ата-аналар комитеті мен басқа да мүдделі қызметкерлер бірлесіп, жастар көп жиналатын орындарда, аулаларда, ойын-сауық орындарында рейд өткізді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген, ойын-сауық орындарында болған 50-ге жуық кәмелетке толмағанды анықтады. Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.