ПОЛИЦЕЙЛЕР ТЫҢДАУШЫЛАРҒА АРНАЙЫ ДӘРІС БЕРУДЕ

174

Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен полицияның оң имиджін қалыптастыру, криминалистика қызметінің мәртебесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында іс-шара өтті.

Бұл жолы Түркістан облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Дархан Зияев пен басқарманың криминалисі полиция капитаны Ақиқат Касымов еліміздің барлық өңірлерінен келген арнайы бастапқы оқу курсынан өтіп жатқан тыңдаушыларға дәріс өтті.

Спикерлер сотқа дейінгі тергеп тексеруді криминалистикалық қамтамасыз ету бойынша кәсіби бағдар берді. Сабақ барысында полицейлер «Криминалистика», «Криминалистикалық зерттеулер» тақырыптарындағы теориялық және тәжірибелік білімдерімен бөлісті.

Өз кезегінде Ішкі істер органдарына тағайындалғандарына көп уақыт бола қоймаған тыңдаушылар қызметкерлердің ақыл-кеңестерін саналарына сақтап, алдағы қызмет барысында тәжірибеде қолданатындарын және криминалистика саласына деген қызығушылықтары ұлғайғанын айтып, алғыстарын білдірді.