КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА 3 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТТІ

89

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбековтің төрағалығымен Кентау қалалық полиция бөлімінде 2023 жылдың І-тоқсанындағы жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге басым міндеттері жөнінде жедел кеңес өтті. Іс-шарада бөлім бастығының орынбасарлары өздерінің саласы бойынша есеп беріп, баяндама жасады.

Жалпы Кентау қаласында 3 айда 72 құқық бұзушылық тіркеліп, 16,3% төмендеген. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға, ауыр қылмыстар 31%-ға азайған. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың жалпы ашылымы 85,7% құрайды. Ұрлық қылмысы 17,4%-ға, алаяқтық қылмысы 28%-ға төмендеген.

Жиында қаладағы құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде алаяқтық қылмысының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстың барысы, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықтың сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы мәселелер қаралып, бірқатар басым бағыттар бойынша тапсырмалар берілді.